astana-view

Қатарға қоғамдық ұйымдар қосылды

2017 жылғы 11 Қаңтар
- Алматы қаласы
6679 просмотров

Бес қоғамдық ұйым Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасында тіркеуден өтті

Кәсіпкерлер палатасының аккредитация туралы сертификаты қоғамдық ұйымдарға бизнес құқығын қорғау және оны дамытуға байланысты жүзеге асырылатын барлық шараларға қатысуға, отандық кәсіпкерлік мүдделерін қорғайтын заң жобаларына өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік береді. Биыл мақсатты түрде жұмыс жасап, өзінің беделін арттырған бес ұйым  аккредитациядан өткен. Олар: «Алматы қаласының Азаматтық альянсы», «Жарнама компанияларының қазақстандық альянсы қауымдастығы», «Алматы Кәсіпкерлер қауымдастығы», «ҚР жобалық менеджерлер одағы», «Қазақстанның отбасылық бизнес қауымдастығы».

«Бұл қоғамдық салалық және кәсіптік одақтар енді нормативтік-құқықтық актілерді талқылауға қатысып, Алматы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі қызметіне араласа алады. Сонымен бірге, олар Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес қызметіне де атсалысуға мүмкіндік алады. Біз олардың қаладағы бизнес-климатты жақсартуға қатысты айтқан ұсыныстарын қарауға әрдайым дайынбыз», – деп атап өтті сертификаттарды табыстау кезінде Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов.

«Тұрғындарды құлағдар етер ақпарат өте көп. Мәселен, кәсіпкерлерге бүгінгі таңда ұсынылып отырған мүмкіндіктер жайлы хабардар ету керек. Біздің альянс жастармен де, егде тартқан кісілермен де жұмыс жасайды. Бізді үкіметтік емес сектордың арасынан таңдап алғаны үшін қуаныштымыз. Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған барлық шараларға белсенді түрде қатысып келеміз. Оның ішінде «Алтын сапа» сыйлығынан үміткерлердің ішінен үздік компанияларды іріктеу жұмыстарына да қатыстық», – деді Алматы қаласы Азаматтық альянсының президенті Саулетта Толғанбаева.

Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасындағы аккредитациядан қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер бірлестіктері өте алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер