astana-view

Жеке кәсіпкерлікті бір күнде тіркейсіз!

2017 жылғы 12 Қаңтар
17641 просмотров

ҚР Кәсіпкерлік кодексіне жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуге қатысты түзетулер енгізілді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Салық департаменті хабарлағандай, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап, жаңа ережелерге сәйкес, жеке кәсіпкерді тіркеуге қатысты өтініш беру реті хабарлама жіберу түріне алмастырылды.

«Бұл дегеніміз жеке тұлғалар, жеке кәсіпкер ретінде өз қызметін бастағаны туралы, енді өтініш емес, хабарлама жібереді деген сөз. Жеке тұлғалар аталған хабарламаны ұсынса, ол жеке кәсіпкер ретінде тіркелді дегенді білдіреді. Егер, бірлескен жеке кәсіпкерлік тіркелетін болса, онда оның өкілетті тұлғасы, бірлескен кәсіпкерліктің әр тұлғасының қолы қойылған сенімхат ұсынады», – деп түсіндіреді ҰКП сарапшылары.

Кәсіпкер хабарламаны «электронды үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде немесе ХҚКО немесе аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы Қызмет көрсету орталықтарының бірі арқылы қағаз жүзінде өз қолымен жіберуі тиіс.

Осылайша, енді бар-жоғы бір-ақ күнде жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге болады. 

Сонымен қатар, мемлекеттік тіркеу жөніндегі анықтама, кәсібін жаңа ашқан жеке кәсіпкердің қолына берілмейді. Аталған процедура үшін, құжаттарды жинау ісі де алынып тасталды.

Ескере кетер жайт, аталған хабарлама бойынша жеке тұлғаға салық төлеу тәртіптерінің бірін: арнайы салық режимін (мысалы, патент, жеңілдетілген декларация) немесе жалпы бекітілген ретпен салық төлеу түрін таңдауға тура келеді.

Егер болжанған ең аз мөлшердегі кіріс жарты жыл ішінде – 1 400 айлық жалақы (ең аз мөлшердегі жалақы – 24 459  теңге) көлеміндегі көрсеткіштен аспайтын болса, ал қызметкерлер саны, жеке кәсіпкердің өзін қосқанда, 25 адамнан аспаса, жеке кәсіпкерге жарты жылда бір рет тапсырылатын, жеңілдетілген декларацияны таңдауға болады. Салық аударымдары жалпы кірістің 3%-дық мөлшерін құрамақ. Жаңа ереже, сондай-ақ, кәсіпкерге кассалық аппарат сатып алуға міндеттейді.

Салық органдары жеке кәсіпкердің тіркеу мәліметтерін хабарлама негізінде өзгертетін болады.

Аталған жаңа ереже Қазақстанда шағын және орта бизнеске қолайлы жағдай жасау мақсатында енгізіліп отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер