astana-view

Қымыз бен шұбат өндірісі қолға алынбақ

2017 жылғы 16 Қаңтар
- Шымкент қаласы
5856 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында қымыз бен шұбат өңдеу зауытының іргетасы қаланды.

Өңірдегі сүтті дайындау жөнінде ауылшаруашылық кооперацияны дамытуға серпін беретін зауыттың жалпы құны – 7 млрд 456,5 млн теңге. Зауыт толық іске қосылғанда тәулігіне 100 тонна  түйе және жылқы сүтін қайта өңдеп, ұнтақ түрінде де шығарады. Өндіріс орнының жылына 33 мың тонна сүт өңдеуге мүмкіндігі бар. Жоба бойынша алғашқы кезеңде 170 адам жұмыспен қамтылмақ. 

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев таяуда аталған жобаға қаржы салған «Golden Cemal Group LTD» компаниясының құрылтайшысы Янг Цимен кездесіп, маңызды жоспарды талқылаған-ды. Сол келісім бойынша компанияға 5,5 гектар жер телімі бөлініп, мемлекет есебінен инфрақұрылымын жеткізу жоспарланған. Алдағы уақытта компания басшылығы осында түйе және жылқы шаруашылығымен айналысуды да көздеп отыр.

Бұл жоба Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 60-шы қадамында сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту міндетін іске асыру аясында қолға алынып отыр. Ұлт жоспарында сонымен қатар, «үш жыл мерзімде ТМД елдері нарығына шығарылатын өнімдерінің жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету» жайы айтылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер