astana-view

Бастысы – дұрыс бағыт таңдау

2017 жылғы 16 Қаңтар
- Ақмола облысы
6266 просмотров

Бұланды ауданының тұрғыны стартап ретінде жүк тасымалы саласын таңдап, жобаны жүзеге асыру мақсатында мемлекеттен үш миллион теңге көлемінде несие алды

Бағдат Жүсіпов Бұланды ауданында туып-өскен. Жастайынан өз бетінше табыс табуға талпынған азамат, 18 жасында қатарластарымен бірге елордаға аттанады. Еуразиялық гуманитарлық колледжді үздік тәмамдаған ол, бірнеше жыл құрылыс компаниясында бағдарламашы болып жұмыс істейді.

Осылайша, талабы таудай Бағдат, өз ісін ашу туралы шешімге келеді. Ол Макинск қаласына оралып, бос ғимаратты жалға алады. Жас кәсіпкер онда компьютер жөндеумен, картридждерді толтырумен айналысады. Десе де, мақсаты айқын азамат, мұнымен тоқтамай, тағы бір істі ашу қажет деген шешімге келеді.

«Идеялар көп болды. Олардың бәрін зерделей келе, қаржысыз өз ісіңді ашу мүмкін еместігін түсіндім. Бұл мақсатта, Кәсіпкерлерге қолдау орталығы (КҚО) жақсы көмек көрсетті. Мұнда маған бизнес идеяларымды құрылымдауға ғана емес, сондай-ақ, дұрыс бағыт таңдауыма көмектесті», – дейді жас кәсіпкер.

ҚКО-да оған «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында, жүк тасымалын жүзеге асыру үшін,  несие алуға өтініш жазу туралы кеңес беріп, «Бизнес-кеңесші-1» бойынша оқуға жіберген. Одан кейін, Орталық кеңесшілері кәсіпкер жобасына толығымен сүйемелдеу көрсеткен. 

Біршама уақыттан кейін, кәсіпкер несиеге қол жеткізіп, 4,5 жылдық мерзіммен «Mercedes-Benz Sprinter» микроавтобусын сатып алады. Бүгінде ол өз кәсібін дөңгелетіп отырған табысты кәсіпкер болып отыр.

Былтырғы жылдың соңында Бағдат Жүсіпов, сервистік орталық ашу мақсатымен, грант түріндегі қаржылай қолдау көрсетуге өтініш берген еді. Алайда, өкінішке орай, кәсіпкердің бұл бастамасы қолдау таппады. Десе де, кәсіпкер осымен тоқтамақ емес. «Менің идеяларым көп, бастысы қателеспей, дұрыс бағытты таңдау», – дейді іскер жас. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер