astana-view

Тексерістер бизнесті тұншықтырады

2017 жылғы 17 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы
8516 просмотров

Кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды көп жағдайда орындау қиын, ал кейде олар мүлдем орынсыз болып, жемқорлыққа жол ашады

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы өңірлік Палатамен бірге кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын жасады. 2016 жылдың 12 айы ішінде ШҚО прокуратурасы кәсіпкерлік қызметті қорғау аясында 9 тексеріс жасап, 92 заңбұзушылықты анықтаған. Прокурорлық ықпал ету шаралары бойынша 26 адам тәртіптік жазаға тартылды. Қадағалау органдары тарапынан жүргізілетін тексерістер заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын күрделендіріп отыр.

Мұндай тексерістер санының азаюы – қадағалау ведомствосы мен Палатаның негізгі міндеті. Өткен жылы бірде-бір заңсыз тексеріс анықталмағанын атап айту керек. «Бүгінгі таңда өткен жылдармен салыстырғанда тексерістер саны азайып келеді. Бірақ тексерістердің нәтижелігі мен тиімділігіне қатысты проблемалары әлі де бар», – деді өз сөзінде Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий. Тексерістер нәтижесі бойынша нақты түсіндірулер болмағандықтан, кәсіпкерлер орындай алмайтын түсініксіз талаптар әлі де бар екені белгілі болды. Заңбұзушылықтарды түзетуге берілетін мерзімдер бойынша бір мемлекеттік органның өзі түрлі талаптар қойып отырады.

Тексерістер жүргізу кезінде бірізділікті қамтамасыз етіп, олардың қайталанып кетпеуін қадағалау маңызды.

Қойылатын талаптарды көп жағдайда орындау мүмкін емес, ал кейде тіптен қисынсыз болып жатады. Мәселен, тамақтандыру нысандарына қойылатын «омлетты әзірлеу кезінде жұмыртқа мен басқа ингредиенттер қоспасының қалыңдығы 2,5-3см-ден аспауы қажет» деген секілді қолданыстағы талаптар қисынға келмейді. Ал ветеринарлық салада «малға арналған қаша ақыр мен малдардың демалатын орындарынан 2-3 градусқа еңіс болуы тиіс» деген секілді ережелер бар.

Бизнестің қызметі тым қатал түрде реттеледі, бір талап бойынша түрлі мемлекеттік органдар тексеріс жүргізуі де мүмкін. Осылайша, олар кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартады.

«Көп жағдайда мәселелер қайталана береді және кәсіпкерлерді іс жүзінде бір мәселе бойынша бірнеше мәрте тексереді. Сондай-ақ кейде әлсін-әлсін жауапқа тартып жатады», – дейді өңірлік Палата директоры. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер