astana-view

Өңіраралық ынтымақтастық жалғасын табуда

2017 жылғы 17 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы
9350 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы облысының өңірлік Кәсіпкерлер палаталары біліктілікті арттыру саласында өңіраралық ынтымақтастық ұйымдастырды

Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының Кәсіпкерлер палаталары кәсіпорындардың базаларында техникалық-кәсіби білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша өңіраралық ынтымақтастық жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының оқытушылары аккумуляторлардың өндірістік процесімен танысып, зерттегісі келеді. Оларға аккумулятор батареяларын шығарумен айналысатын алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі – Талдықорған қаласындағы «Қайнар» ЖШС қолдау көрсетті.

«Бүгінгі таңда Өскемен экономика және қаржы колледжі мен Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы «аккумулятор құрастырушы» мамандығы бойынша курстық бағдарлама әзірлеп, аталған бағдарламаны Өскемен қаласының Жұмыспен қамту орталығына ұсынды. Бағдарлама бойынша оқыған тыңдаушылар маңызды білім мен кәсіби дағдылар алып шығады, ал бұл үшін оқытушылардың өздері тағылымдамадан өтулері керек», – дейді колледждің өндірістік оқу шебері Дәулет Шындықатаев.

Колледждер мен кәсіпорындардың мамандары қатысатын тағылымдама бағдарламасын әзірлеу бойынша ортақ жұмыс істеу; бағдарлама мазмұнын жаңарту, біліктілікті арттыруды жоспарлау; тәжірибелік орындар ретінде кәсіпорындар мен ұйымдарды іріктеу – мұндай жүйелі жұмыстар сапалы мамандар даярлауға мүмкіндік береді. Өңірлік Палаталар кәсіпорындармен, колледждермен және оқытушылармен әріптестік құра отырып, осы бағыттар бойынша жұмыс істеп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер