astana-view

Прокурордың құнды кеңестері

2017 жылғы 17 Қаңтар
- Павлодар облысы
5710 просмотров

Ақсулық бизнесмендер өзекті тақырыптар мен құқықтық мәселелер бойынша ақпарат алды және оларға «Прокурордан 100 кеңес» жинағы ұсынылды

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық прокуратура арасында жасалған келісім аясында палатаның Ақсу филиалы базасында бизнес-қоғамдастық өкілдерімен дөңгелек үстел болып өтті, онда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында әрбір адам білуге тиісті нақты ұсыныстар айтылды.

Мысалы, «Сіздің бизнесіңіз үшін» атты бөлімде көптеген пайдалы ақпараттар бар. Мұнда прокурорлар өз бизнесіңізді қалай қорғау керектігін, егер сізге тексерушілер келсе не істеу қажет екенін, кәсіпкерлер құқығы бұзылған кезде мемлекеттік органдардан басқа қайда хабарласуға болатыны туралы кеңес береді. Бұдан басқа, әңгіме барысында, прокурорлар түзеу мекемелерінде өз бизнесін ашқысы келетіндерге іскерлік кеңестерін жеткізді.

Палатаның Ақсу филиалының директоры Глюза Алпысбаеваның айтуынша, оны еңбек қатынастары саласындағы ақпараттар қызықтырған. Кеңестердің бірі қысқартуға ұшырағандардың керегіне жарайды. Сонымен қатар, қосымша жұмыс істейтін қызметкерлерді тарту мәселесі бойынша түсіндірмелер берілді және еңбек қатынасы нені қамту керектігі екшелді.

«Алаяқтардан өзіңді қалай қорғау керек» тақырыбында прокурорлар бірнеше кеңестер береді. Мұнда қаржы пирамидасының қармағына түсіп қалмау үшін не істеу керектігі, интернет-алаяқтардан қалай қорғану керектігі нұсқалады.

Соңғы бөлім «Өтініштер беру кезінде» деп аталады. Онда прокурорлар кәсіпкерлерге өтініштерді прокуратура органдарына беру тәртібі туралы 10 кеңес ұсынады.

Атап өтер жайт, алынған ақпарат, дөңгелек үстел қатысушылары үшін өте пайдалы болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер