astana-view

Заң аясындағы өркениетті сауда

2017 жылғы 19 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
8417 просмотров

Даладағы базарларды заманауи сауда орталықтарына ауыстыру қажет

Сауда орталықтарының көбінде тазалық жоқ, ондағы қызмет көрсету деңгейі де төмен. Оған қоса, мұндай базарлар көлеңкелі ақша айналымының ордасы. Сондықтан, өңірлік Кәсіпкерлер палатасы көше базарларын біртіндеп заманауы сауда форматына ауыстыру маңызды екенін айтып отыр.

Оралда көше базарлары проблемасы туындағалы көп болды. Саудагерлер кез келген бос аумақта бейберекет сауда жасауды дағдыға айналдырған. Мәселен, олар супермаркеттер, заңды базарлар, тұрғын үйлер маңына жайғасады. Билік, полиция және дәрігерлердің түрлі тыйымына қарамастан, мұндай қарбалас сауда орындары көбеймесе, азаймай отыр.

Құқық қорғау және өкілетті органдардың мәліметі бойынша, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 204-бабына (2015 жылы – 195, 2016 жылы – 177)  сәйкес,  кінәлі тұлғаларға қатысты заңсыз сауда дерегі бойынша 2015 жылдан бері 372 әкімшілік хаттама жасалған.

Қаладағы тиісті санитарлық жағдайды ұстап тұруға қалалық әкімшіліктің ведомствоішілік кәсіпорындары  едәуір қаржы шығындап отыр, ал оны басқа да анағұрлым маңызды мақсаттарға жұмсауға болар еді.

Сонымен бірге,  сапасы тексерілмеген тауарлар саудасы халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыруы мүмкін. Жерде, сөренің орнына қатты қағаз немесе газет төсеп жүзеге асырылатын сауда барлық сатып алушылар үшін қауіпті. Өкінішке қарай, осындай жағдайларда санитарлық ережелерді сақтау туралы ешкім бас қатырып жатпайтыны анық. Ешкім тексермеген өнімдер адамға айтарлықтай зиян әкелуі мүмкін. Сүт, ет, жұмыртқа өнімдері ветеринарлық бақылаудан өтпейді.

Кәсіпкерлер палатасы құқықтық бөлімінің сарапшысы Валентина Гаршинаның айтуынша, бейберекет сауданың кесірінен, салықтар мен бюджетке  міндетті төлемдер төлейтін, ұйымдасқан сауда қызметін жүзеге асыратын адал кәсіпкерлер шығынға батып отыр. «Рұқсат етілмеген жерлердегі сауда заңсыз екенін ескере отырып (бизнестің субьектісі ретінде тіркелмеген тұлғалар),  біз  сауда қызметін заңдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеміз», – деп атап өтті В.Гаршина.

Орал қаласы аумағында рұқсат етілмеген жерлердегі сауда орындарын жою проблемасына қатысты осы және басқа да мәселелердің барлығы облыс прокуратурасындағы ведомствоаралық жиналыста талқыланды.

«Бейберекет сауда орындары жоқ қала» жобасы аясында облыстық Кәсіпкерлер палатасы маркетологтарды тарту арқылы рұқсат етілмеген жерлердегі сауданы жою жұмыстарынан туындайтын қатерлердің болжалды есебін өткізуді жоспарлап отыр. Мемлекеттік кірістер басқармасы  заңсыз сауданы жүзеге асыратын тұлғалардың  кірістерін анықтау үшін  мониторинг ұйымдастырмақ.

Кәсіпкерлер палатасының осы мәселеге қатысты қызметі ҚР «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңы аясында жүзеге асырылмақ. Палатаның барлық іс-қимылы кәсіпкерлік субьектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғауға бағытталмақ.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер