astana-view

«ЭКО», «БИО», «Organic» – жұртшылыққа жаңа ұғымдар

2017 жылғы 19 Қаңтар
12024 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында, таяу арада, Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті (ТҚҚК) өкілдерінің қатысуымен, Қазақстанға органикалық өнімдерді әкелу және сату мәселесі талқыланады

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінен, «ЭКО», «БИО», «Organic» белгілерімен таңбаланған және өзге де белгідегі тауарларды әкелу және сатумен айналысатын кәсіпкерлік субъектілеріне, тауардың органикалық әрі экологиялық таза екенін сипаттайтын, экспорттаушы елдің инспекциясының сертификаты міндетті түрде болуы қажет деген мазмұндағы хабарламаны жолдау туралы хат келіп түсті. Бұл ретте, аталған сертификат, онда көрсетілген өнім партиясының өндіріс, қайта даярлау, таңбалау және органикалық азық-түлік тағамдарын сату жөніндегі басты ережелерге сәйкес (GL 32-1999, REV. 1-2001), өндіріс, даярлау, сату және инспекция жүйесі аясында шығарылғандығын айғақтайды.  

Аталған мәселе, сондай-ақ, Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті сайтына импорттық азық-түлік өнімдерінің таңбалануына байланысты тексеру жұмыстарының күшейтілгені туралы ақпарат жарияланғаннан кейін, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. 

Орын алған «ақпараттық вакуумды» және көптеген сауалдардың туындауын ескере келе, «Атамекен» Комитетке биылғы жылдың 20 қаңтарына дейін, жоспарланған тексертулердің құқықтық негіздерін және қандай құжаттарға сәйкес жүргізілетінін (оның ішінде, Қазақстан Республикасы аумағында жүргізілетін «Өндіріс, қайта даярлау, таңбалау және органикалық азық-түлік тағамдарын сату жөніндегі басты ережелер (GL 32-1999, REV. 1-2001)» тексертулер де бар) түсіндіру мақсатында тиісті сауал жолдады.

ТҚҚК хатында, сондай-ақ, органикалық өнім шығаратын отандық тауар өндірушілердің өнімі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2016 жылдың 23 мамырындағы №238 қаулысымен бекітілген, органикалық өнімдерді шығару және оны сату ережесіне сәйкес сатылу қажеттігі, ал сәйкестік сертификаты Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласы заңымен бекітілген, аккредиттеу органдарының мақұлдауымен берілуі тиіс деп көрсетілген. 

Органикалық өнімге қатысты бекітілген ұлттық стандарттардың, сонымен бірге, органикалық өнімді сертификаттау және инспекция бойынша, аккредиттеудің ұлттық жүйесінде аккредиттелмеген бақылау әдістерінің, органикалық өнімге қатысты аттестациядан өткен сарапшы-аудиторлардың, органикалық өнімге сәйкес келуге қатысты ұлттық белгінің, сертификаттардың сәйкестілігін растайтын қолданыстағы процедуралар мен басты импорттаушы елдердегі органикалық өнімге Қазақстан Республикасы инспекциясы сертификаттарының болмауын ескере келе, отандық органикалық өнімдерді шығарушы кәсіпкерлердің оларды сату тәртібі белгісіз күйде қалып отыр.  Осыған орай, органикалық өнімді сату және оны шығару саласы бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы өкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және сарапшы-аудиторларды аттестациядан өткізуші, органикалық өнім стандарттарын әзірлеу жұмыстарын бақылаушы және оны сертификаттаушы,  сертификатта және инпекцияға қатысты органды аккредиттеуден өткізуші орган ретінде Инвестиция және даму министрлігі Техникалық реттеу комитетіне тиісті хаттар жолданды.

ҰКП атап өткендей, отандық тауар өндірушілер ішкі нарықта өздерінің органикалық өнімдерін сатуда басымдыққа ие болып, аталған бағалы өнімнің экспорттық әлеуетін арттыру үшін, органикалық өнімдерді сатудың толыққанды ұлттық жүйесін қалыптастыру жөніндегі шараларды тез арада қолға алған жөн.

Бүгін аталған мәселе бойынша, ҰКП мен ТҚҚК жұмыс тобының кездесуі өтті. Онда жақын арада ҰКП алаңында ТҚҚК, АШМ, ТРК және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен жиын өткізу туралы шешім қабылданды (өткізу орны мен уақыты қосымша хабарланатын болады).

Сонымен қатар, көптеген импорттаушылар аталған хабарламамен таныс болғанға дейін, аталған таңбалар мен белгілерге қатысты бақылаудың болатыны туралы хабарсыз болғандықтан, ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізіледі деп жоспарланып отыр.

ҰКП-ң аталған бағыттағы жұмысы өз жалғасын табатын болады. Ал, осы мәселеге қатысты өз сауалдарыңызды +7 (7172) 919-330 телефон нөміріне қоңырау шалып, хабарлай аласыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер