astana-view

Астанада отандық өнімдерге есік ашық

2017 жылғы 23 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
7446 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін сатып өткізуге белсенді көмек көрсетіп жатыр

Ақтөбе өңірінде отандық өнідірістің жаңа түрлері дамып келеді. Оған дәлел – бөлмеаралық есіктер құрастыратын «WestLineDoors» фабрикасының тыныс-тіршілігі. Бұл фабрика осыдан 2,5 жыл бұрын ашылған. Онда жаңа технологиялар енгізіліп, жоғары өндірістік дәлдікті қамтамасыз ететін  заманауи құрал-жабдықтар орнатылды. Қазіргі уақытта өндірісте 30-дан астам кәсіби маман жұмыс істеп жатыр. Зауытта есіктің отыз бес түрі құрастырылады. Өнімдер тек Ақтөбеде ғана емес, облыстан тыс аймақтарда да сатылады. Бүгінгі таңда өнімнің негізгі тұтынушылары Астана мен Орал қалаларында орналасқан.

Кәсіпкерлер палатасы өз кезегінде фабриканың тауарларын облыста және Қазақстанның басқа өңірлерінде сатып өткізуге көмектесіп келеді. Мәселен, 2016 жылы Ақтөбеде тұрғын үйлер салып жатқан жергілікті құрылыс компаниялары 1,5 мың есік сатып алған. Айта кету керек, компания әу баста өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен іске қосылған еді. Фабрика басшылығы өз кезегінде Палатаның жергілікті оқу орны студенттерін өндірістік практикадан өткізу туралы ұсынысына қолдау білдірді. Сарапшы Бауыржан Дарқұловтың мәліметінше, ӨКП-ның ықпал етуімен компания Еуропалық даму банкі арқылы маркетингтік саясатты жетілдіруге арналған қолдау шараларына қол жеткізген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер