astana-view

Аспаздық өнерінің шыңына ұмтылыс

2017 жылғы 24 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
8902 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы колледж түлектерін өңірдегі ірі кәсіпорындарда тәуелсіз сертификаттаудан өткізді

Ақтөбе техникалық колледжін аспаз мамандығы бойынша бітірген түлектер өздерінің кәсіптік жарамдылығы мен біліктілігін растады. Балалар түрлі тағамдар әзірледі, ал қазылар алқасы рестораторлар мен қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының бас аспаздарынан жасақталды. Бас сарапшы –Қазақстандық қонақүйлер мен мейрамханалар қауымдастығы жанындағы «Қонақжайлылық индустриясын сертификаттау орталығы» ЖШС салалық қауымдастығы. Шара түлектерді жұмысқа орналастыру үшін ұйымдастырылды.

«Жұмыс берушілердің мұндай процедураларға қатысуы түлектердің кәсіптік даярлығын айтарлықтай арттырып, олардың еңбек нарығындағы сұраныстарға сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Түлектерді сертификациядан өткізу сапасыз мамандар мен «жарамсыз» дипломдардың санын азайтпақ», – дейді Кәсіпкерлер палатасының Адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Дәмиля Құнанова.

Кәсіптік даярлық деңгейін бағалаудан «Нан, макарон және кондитер өндірісі», сонымен бірге «Технологиялар және тағамдық кәсіпорындардың өндірісін ұйымдастыру» мамандықтарының түлектері өтті. Олардың жартысы бүгінде қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс жасап жатқанын атап айту керек. Біліктілік емтиханы аясында жас аспаздар теориялық кезеңнен өтіп, тестілеуден өткен. Ал тәжірибелік кезеңде тағамдарды даярлау бойынша жарысқа түсті.

Айболат Шымпай қазіргі таңда қалалық кондитерлік дүкендерде жұмыс жасайды. Ал колледжде ол грант негізінде білім алуда. Дарынды аспазды кей рестораторлар өз назарына да алған. «Кейін жұмыс берушіге осы біліктілік сертификатын ұсыну арқылы мен сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті мамандар қатарына енуге мүмкіндік аламын», – дейді Айболат Шымпай.

Атап айту керек, сертификатқа ие болған колледж түлектері келесі жылдың ақпан айына жоспарланған емтихандарды тапсыруға және дипломдық жобаны қорғауға дайындалатын болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер