astana-view

Сыртқы сауда палатасы – ICC құрамында

2017 жылғы 24 Қаңтар
11660 просмотров

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Қазақстан Республикасында 2017 жылдың 23 қаңтарынан бастап КарнетАТА процедурасын енгізу аясында ICC (Халықаралық сауда палатасы) мүшесі болып есептеледі

Халықаралық сауда палатасы – өздігінен басқарылатын коммерциялық емес тәуелсіз халықаралы ұйым. Ол 1919 жылы құрылған. Ұйым өз ішіне сауда палаталарын, кәсіпкерлік ұйымдары мен сауда саласының халықаралық стандарттарын жасап шығаратын жекелеген компанияларды қамтып, халықаралық ұйымдардағы мүдделерін бірлесе қорғаумен және коммерциялық дауларды шешумен айналысады. 

ХСП жасайтын құжаттардың қатарында «Инкотермс» (унифицияланған сауда терминдері), UCP 600 (құжаттамалық аккредитивтерге арналған унифицияланған ережелер мен дәстүрлер), арбитражды регламент, комиссия мүшелері өзгерістер енгізу мақсатында тұрақты қарайтын, ХСП-ға мүше мемлекеттердің реалийлерін есепке алатын  типтік халықаралық келісімдер бар.

ХСП жанында жұмыс істейтін дауларды шешумен айналысатын негізгі орган – халықаралық арбитраж соты. Ерікті кәсіпкерлік бірлестік  болып саналатын Палата Дүниежүзілік сауда ұйымы, ЭКОСОС, кедендік одақтар секілді мемлекетаралық бірлестіктермен салыстырғанда реттеу функцияларын атқармайды. Ол тек қана бірыңғай механизмдер мен барлық қатысушы субъектілерге арналған ережелерді жасап, жасалған регламенттер аясында дауларды шешеді.

Бұл тұста ХСП – ДСҰ, Дүниежүзілік банк және өзге де халықаралық ұйымдар жанындағы танымал ұжымдық кеңес беру органы. Ал 2016 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясы жанындағы ресми бақылаушы болып саналады. Осылайша, ол мемлекетаралық процестердегі кәсіпкерлік қоғамдастықтардың мүдделерін есепке алу механизмін қамтамасыз етеді.

Негізі 1920 жылы қаланған. Штаб-пәтері Парижде орналасқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер