astana-view

Қағазбастылықтан арылып, электронды технологияларға бет бұру керек

2017 жылғы 30 Қаңтар
- Шымкент қаласы
12723 просмотров

Оңтүстік Қазақстан кәсіпкерлеріне ЕАЭО Кедендік кодексінің ережелері түсіндірілді

Бүгінгі таңда елімізде кедендік құқық қатынастарын реттейтін екі құжат бар. Олар: «ҚР кеден ісі туралы» кодексі және Кедендік одақтың Кедендік кодексі. Алайда Еуразиялық экономикалық одақ құрылғанан кейін, бұған дейінгі барлық құқықтық шарттар базасын қайта қараудың қажеттілігі туды. Бизнес-қоғамдастық жаңа ұлттық Кедендік кодекс жобасын редакциялау мүмкіндігіне ие болды. Бүгінгі таңда барлық өңірлерде Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексін түсіндіру және талқылау жұмыстары жүріп жатыр.

Кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы қалың көпшілікке жаңа Кодекстің артықшылықтары туралы айтты. Бұл артықшылықтар сыртқы экономикалық қызметтің адал ниетті қатысушыларының жұмысын жеңілдетеді.

«Кодекске электронды  кедендік декларациялау, операцияларды автоматты түрде жүзеге асыру секілді жаңашылдықтар енген. Мұндай өзгеріс кеден қызметкерлерінің тауарларды шығару процедураларына қатысуына, кедендік декларацияларды тиісті құжаттарсыз тапсыруға жол бермейді. Сондай-ақ, тауарлардың кеденнен өту процесін жеңілдетуге және жеделдетуге арналған өкілетті экономикалық операторлар институтын жетілдіру де жолға қойылған. Ал бірыңғай терезе құжаттарды рәсімдеуді жеделдетеді», – деп түсіндірді  ОҚО Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары  Нұржан Теңлібаев.

Қолданыстағы кедендік заңнамамен салыстырғанда ЕАЭО кедендік кодексі жобасы кодификацияланған кешенді халықаралық келісімшарт болып саналады. Оны әзірлеу кезінде кедендік құқық қатынастарын реттейтін бұған дейінгі барлық халықаралық келісімшарттарға тексеру жүргізілген. Сондай-ақ, кедендік операцияларды жасаудың қолданыстағы тәртібі мен технологиялары қайта қаралып, оларды жасау кезіндегі ақпараттық технологияларды пайдалану қадамдары өзгертілді. Келісімшарт жобасы толықтай кедендік құқық қатынастарындағы электронды құжат айналымына негізделеді.

Жаңа құбылыстарға өкілетті экономикалық операторлар институты, өзін жақсы жағынан көрсеткен ұйымдар жатады. Оларға сыртқы экономикалық қызметті жеңілдетілген кедендік процедуралар арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі берілген.

Мұндай кәсіпорындар өздерінің уақытша және ресурстық шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік алады. Ал кеден шын мәнінде қауіп төндіріп отырған бағыттарды қолға алатын болады.

Бір сөзбен айтқанда, ЕАЭО КК кедендік операцияларды жүзеге асыруға және бақылауға арналған өміршең заңнамалық базаны жасап шығарады. Жаңа кодекстің ережелерін білу тауарларды кодекске қол қойған мемлекеттер шекаралары арқылы өткізетіндердің барлығына міндеттеледі.

Тауарлардың жекелеген түрлерін тиісті мемлекеттер шекараларынан өткізетін тұлғалар қазірден бастап тасымалдау ережелерімен және тәртібімен танысып алғаны жөн. Кәсіпкерлерге бұл туралы ескертілді. Осылайша, олар заң бұзғаны үшін жүктелетін жауапкершіліктен құтылады. Сонымен бірге, кодекс ережелерін білу арқылы кедендік құжаттарды толтыру процедураларында туындайтын түсініспеушіліктердің де алдын алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер