astana-view

Дәріхана бизнесінің болашағы қандай болмақ?

2017 жылғы 06 Ақпан
- Қостанай облысы
9500 просмотров

Қостанайдың фармацевтикалық бизнес өкілдері дәріханаларға GPP халықаралық стандартын енгізу қажеттілігіне алаңдаулы.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палата жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің отырсында аталған мәселе көтерілді. Жиында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айгүл Нұркина, Светлана Бычкова және Айзада Құрмановалармен кездесу ұйымдастырылды. Халық қалаулылары аймаққа Елбасының биылғы Жолдауын түсіндіру әрі әйелдер кәсіпкерлігінде толғандырған мәселелердің анық-қанығын білу мақсатында келген.

Орын алған мәселенің бірі – Қазақстанда 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап Good pharmacy practice (тиісті дәріханалық тәжірибе) стандартын енгізу. Сәйкес бұйрыққа Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі қол қойған болатын. Мұндай стандарт әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің үлгісімен енгізіліп отыр. Бұл дәріханалық мекемелер тұтынушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған бірқатар талаптарға сәйкес болуы керектігін білдіреді.   

Көп жағдайда, дәріханада қан қысымын, дене қызуын өлшеуге, қан құрамындағы қант мөлшерін анықтауға және жүктілікті анықтаға арналған тесттен өтуге болатын қосымша бөлме қарастырылуы керек. Алайда, бұл тұрғындарға игілісті болғанымен, кәсіпкерлердің орындауы екіталай дейді Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, «Фармация Нео» ЖШС бас директорв Нина Чиченкова.

«Бізде ірі дәріханалар санаулы. Қалғандарының орташа ауданы 30 шаршы метр. Жаңа зертханалар да осындай аумақты алмақ. Тиісінше, бұл ауданға, қызметкерлер штатына, құрал-жабдықтарға және стандарттауға қосыма шығын әкеледі. Мұндай кабинеттер ірі қалаларда, тұтынушылар саны көп болғанда ақталады, дегенмен, бұл барлық дәріханалар үшін міндетті талаптар емес, бәсекелестік мәселесі қатарында», – дейді Нина Чиченкова. ­ 

Кәсіпкерлер басқа да мүлде міндетті емес ережелер бар дейді. Бұйрықтың сегізінші бөлімінде рецептпен және рецептсіз дәрілер бөлек-бөлек сатылуы керек. Олай болса, бұған қосымша қаржы шығынына ұшырататын бір емес, екі жұмыс орны қажет болады.

«Біз дәрі-дәрмектің бағасы онсыз да қымбат екенін айтып келеміз, себебі 90% шетелден әкелінеді... Бүгінде әріптестердің көбі алаңдаулы, тіпті «жабу керекпіз бе?» деген сауал қойып отыр. Өйткені стандартар ерікті емес, міндетті деп түсіндіріледі», – атап өтті Нина Чиченкова.

Оған қоса, медициналық және фрамацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аймақтық департаментінде GPP стандартына сәйкес болмағаны үшін дәріхананы жабу туралы, ең болмағанда арнайы құқықтық-нормативті актінің болмауы сөз болған жоқ деп түсіндірді. Фармацевтикалық бизнестің алты субъектісі тиісті дәріханалық практика стандартын енгізу үшін мәлімдеме жасаған. Дегенмен, депутаттар бұл мәселе мұқият тексерілуі қажет дегенмен келісті. 

«Біз бұл мәселені міндетті түрде зерттеп, Парламентте талқылауға ұсынамыз. Түгелдей шағын және орта бизнестің бөлігі туралы айтылып тұрғанда, біз анық-қанығына жету үшін, көмектесу үшін бұл мәселелерді назарда ұстаймыз. Көктемде Мәжілісте денсаулық сақтау тақырыбы қозғалатын парламенттік тыңдалымөтеді, біз Іскер әйелдер кеңесі арқылы, Ұлттық палата арқылы нәтижесін міндетті түрде хабарлайтын боламыз», - деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Нұркина.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер