astana-view

Оңтайлы бизнес ортаны құру – біздің басты міндетіміз

2017 жылғы 07 Ақпан
- Павлодар облысы
7245 просмотров

Жаппай кәсіпкерлікті жолға қою қолайлы құқықтық, экономикалық, әлеуметтік жағдайды құрып және кепілдіктермен қамтамасыз еткен уақытта жүзеге асады

«Осы шарттар орындалса азаматтар арасында кәсіпкерлік әлеуеті артатыны сөзсіз», дейді Павлодар ауданы өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры, Павлодар аудандық маслихат депутаты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қоғамдық кеңестің  төрағасы Әнуар Қалышбеков.

Оның айтуынша, Тәуелсіздік алғаннан бастап мемлекетіміз екі ірі жаңғыруды өткеріп, жақсы тәжірибе алды. Енді барша қазақстандықтардың алдында жаңа міндет – экономикалық мықты базаны құру факторы ретінде үшінші жаңғырудың толқыны тұр.  

Экономикалық өсімнің ең негізгі қозғаушы күші ретінде жеке сектор мен кәсіпкерліктің жетекші рөлін атап кеткен жөн. «Жеке бастамалар мен жаппай кәсіпкерліктің қадамын нығайту үшін қолайлы құқықтық, экономикалық, әлеуметтік жағдаймен әрі кеплідіктермен қамтамасыз ету керек. Мәселен,  2016 жылы бизнесті қорғау және әлеуметтік кедергілерді алып тастау сұрақтары бойынша Павлодар облыстық кәсіпкерлік палатасымен 70 өтінім қаралды, оның ішіндегі 9 өтінім құқық қорғау сұрақтарына қатысты болды», – деді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры.  

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау Кеңесінде кәсіпкерліктің үш субъектісі бойынша мәселелер талқыланды, үшеуі де кәсіпкерлердің пайдасына шешілді. Павлодар өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Павлодар ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы арасындағы жасалған келісім шеңберінде мемлекеттік органдар тарапынан жасалған заңсыз бас тарту факторларды тексеріліп, мониторинг өткізілді. Кәсіпкерлердің құжаттары мен өтінімдерін қабыл алмау, тоқтату, қайтарып беру мониторингі бойынша 2016 жылы құжаттарды уәкілетті органдардың рәсімдеуді тоқтату бойынша 28 дерек, өтінімдерді қабылдамау бойынша 10 дерек анықталды.

Агроөнеркәсіптік кешен дамуы жаппай кәсіпкерлік қарқынына оң әсер беріп отыр. Әнуар Қалышбековтың айтуынша еліміздің азық-түліктік және экономикалық қауіпсіздігін қалыптастырып жатқан аталмыш сектордың маңызын дұрыс бағалаған жөн. 

«Енді мемлекеттік қолдау ірі агрофирмаларға емес кооперациялар құру арқылы  шағын және орта шаруашылықтарға жұмсалады. ӨКП сүйемелдеуімен 2016 жылы Павлодар ауданында 6 ауыл өндірістік кооперативтер ашылған: «Ефремовский» ӘКК,  «Черноярский 2016» ӘКК, «Родная долина» ӘКК, «Тәуелсіздік 25» ӘКК, «Аманат 7» ӘКК,  «Ертіс» ӘКК», – деп атап өтті Ә.Қалышбеков.

Кәсіпкерлер әлеуетін нығайту арқылы ұлттық байлық пен азаматтардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға болады. «Үшінші жаңғыру болашақ ұрпақтың игілігі үшін ортақ жауапкершілігімізге негізделген», – деді Ә.Қалышбеков.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер