astana-view

Жеке кәсіпті бастауға көмек

2017 жылғы 08 Ақпан
- Ақтөбе облысы
13093 просмотров

Өңірлік палатада «Бизнестің жол картасы­–2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы» аясында «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша оқыту курстары басталды.

Курста білім алу тегін. Оны білікті бизнес-тренерлер жүргізеді. Екі күн ішінде олар кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркеуден қалай өту, бизнес-жоспарды сауатты жасау және мемлекеттік қолдау бағдарламаларының шарттарын қолдану керектігі туралы айтылады. Мұнда тыңдаушылар әлеуетті кәсіпкерлерді қандай тәуекелдер күтіп тұрғаны туралы біле алады.

Оқыту тақырыбы тыңдаушылардың өздері қоятын сауалдар секілді ауқымды. Олардың ішінде өз ісін қалай бастау керек, нарықты қалай зерттеу керек, бастаушы кәсіпкерлер үшін мемлекеттік бағдарламалар бар ма деген сауалдар көп қойылады. Бұл жерде Палатаның кәсіби тренерлері көмекке келеді. Олардың айтуынша «Бизнес-кеңесші» кәсіпкерлік ынтасы бар адамдарға арналған. «Яғни, бұл тренингтерге қатысу үшін кәсіпкер болу міндетті емес, тек ынта болса болғаны. Кәсіпкерлікті жүргізудің барлық негіздері туралы, заңдық аспектілер, қаржылық құрамы, қызметкерлерді басқару жайында айтамыз дейді Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері.

«Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасында жалпы 14 оқыту курстары өткізіледі және 750 адамды қамту жоспарланып отыр. Курс аяқталғаннан кейін қатысушыларға «Бизнестің жол картасы–2020» бойынша грант алу үшін міндетті шарты болып табылатын «Бизнес-кеңесші» курсын өткені туралы сертификат беріледі. Оның болуы бастаушы және жас кәсіпкерлер үшін несиені ішінара кепілдендіруге ұсынылады. Берілген білім «start-up» жобасы үшін екінші деңгейлі банктерден несие алу кезінде міндетті түрде кәдеге асады», ­– дейді облыс Кәсіпкерлер палатасы бизнеске сервистік қолдау көрсету бөлімінің басшысы Ержан Нұрғалиев.       

«Бинес-кеңесші» жобасының қатысушысы болу қиын емес, ешқандай шектеу де жоқ. Тек Кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде өтініш толтыру керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер