astana-view

Балабақшалар аудиторлық тексеру жүргіздіре алады

2017 жылғы 08 Ақпан
- Ақтөбе облысы
8133 просмотров

Егер балабақшалар өздері тексеру жүргізудің балама түрін енгізсе, онда олар тексеруден құтылады

Тексерудің бірі – санитарлық-эпидемиологиялық аудит. «Ақтөбе экперт» ЖШС маманы Рузалия Шакирзянованың айтуынша, мұнда кемішіліктен гөрі, артықшылықтар көп. Бұл санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға жататын нысан тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын сақтаудың тәуелсіз аудиті.

Толық ұғыну үшін маман слайдтар мен кестелердің көмегі арқылы тексеру механизмін түсіндірді.

Мысалы, балабақша тиісті біліктілігі бар маманмен аудит жүргізуге келісімшарт жасайды және аудиторлық есепті, яғни нысанның санитарлық қағидаларға сәйкестігін дәлелдейтін құжатын алады. Аудиторлық есеп ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кестесінен алып тастауға мүмкіндік береді.

Маманның айтуынша, орталық мектепке дейінгі білім беру мекемесіне толық тексеру жүргізеді, егер қандайда бір бұзушылықтар анықталса, кәсіпкерге барлық қателіктерді дұрыстауға көмектеседі. «Бұл дәл тұтынушы құқығын қорғау жөніндегі департамент жүргізетін тексеру сияқты. Олар азық-түлікті, қызметкерлерді және еңбек шарттарын тексереді, ­– дейді Рузалия Шакирзянова, – Тек қателіктер анықталған жағдайда тұтынушы құқығын қорғау жөніндегі департамент кәсіпкерге қатысты әкімшілік шараларды, яғни ескерту, айыппұл салу немесе нысанды жабу секілді жазаларды қолдана алады. Ал аудиторлық тексеру жағдайында әкімшілік шаралар жоқ. Біз кеңес береміз және қателіктерді жоюға көмектесеміз. Нысан иесімен бірге қателіктерді жоюдың мерзімін бекітеміз».

Санитарлық-эпидемиологиялық аудит – ерікті жасалатын жұмыс, ол нысан иелерінің өтініш беруімен ғана жүргізіледі. Кәсіпкер кез келген орталыққа, тиісті біліктілігі бар кез келген аудитор-маманға жүгініп, аудиторлық тексеру жүргізуге өтініш бере алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер