astana-view

«ЭКО», «БИО», «Oрганик»: жұмыс жалғасып жатыр...

2017 жылғы 08 Ақпан
6391 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Экологиялық кодекс пен «Органикалық өнім өндіру туралы» Заңы арасындағы қарама-қайшылықтарына байланысты мәселелер талқыланды.

Аталған отырысқа мемлекеттік органдар мүшелері, органикалық егіншілік саласындағы бірлестіктер, органикалық өнім және экологиялық таза өнім өнеркәсіптері және құс шаруашылығы өкілдері қатысты.  

«Атамекен» ҰКП Техникалық реттеу департаментінің сарапшысы Арман Мәмбетаевтың айтуынша осы қайшылық жайында түсіндірме алу мақсатында мемлекеттік органдарға сұратулар жіберілген.   

Осылайша, Ауыл шаруашылығы министрлігі басқарамасының  жетекшісі Экологиялық кодекстегі  «экологиялық таза өнім» деген түсінікті  тек тағамдық емес өнімдерге қатысты қолдану керек деп санайды, өйткені «органикалық өнім» түсінігі  ауыл шаруашлығы өніміне, оның ішінде тамақ өнімідеріне ғана қолдануы керек.  

Өз кезегінде Халықаралық Экология академиясы «Eco Standart» қоғамдық қоры, «KazFOAM» Қазақстандық органикалық ауыл шаруашылығы федерациясы өкілдері осы көтерілген мәселе бойынша тағы да саралау өткізіп, жан-жақты жұмыс істеу керектігін алға тартты, өйткені өнімді тағамдық және тағамдық емес деп бөліп жарып қарау өте қиын деп санайды.  

 Энергетика министрлігі басқарамысының жетекшісі осы қарама-қайшылықтарды тереңірек зерттеу керек екенін алға тартты, ал Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінде өнімдерді заңдық тұрғыда органикалық және экологиялық таза өнім деп бөлу қажет деп санайды. Комитет өкілі айтуынша экологиялық таза өнім бойынша жаңа стандарттар қабылданған.

Әділет министрлігі сарапшысы «органикалық тамақ өнімі» және «экологиялық таза тамақ өнімі» деген терминдердің «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Заңда да көрсетілгенін және бұл заңды да қайта қарап, жасалған өзгертулерге сәйкес өзгерту керек екенін хабарлады.   

Аталған талқылауды қорытындылай келе жұмыс тобының мүшелері бұл мәселенің 2017 жылдың 20 ақпанына дейін қайта қаралу қажет екені алға тартып, ЭМ, АШМ, ТРМК, және ӘМ, сондай-ақ бизнес тарапынан нақты ұсыныстар қажет екені айтылды.   

Айта кетелік, аталмыш ауқымды жұмыс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «ЭКО», «БИО», «Органик» белігілерімен таңбаланған импорттық өнімдерді тасымалдау және сатумен айналасатын кәсіпкерлік субъектілері мен отандық органикалық өнім шығарушылардың жұмыстарын бақылау туралы хабарламасынан кейін басталған болатын.

Бұл бағыт бойынша ҰКП жұмысы жалғасатын болады, барлық туындаған сұрақтар бойынша Техникалық реттеу департаментіне хабарласуға болады: +77172 919-330.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер