astana-view

Бруцеллездің қаупі жоғары

2017 жылғы 15 Ақпан
- Ақтөбе облысы
8275 просмотров

Байғанин аудандық Кәсіпкерлер палатасы бөлімінде  «Ветеринария туралы» Заңы және оның қолданылуы тақырыбында дөңгелек үстел өтті 

Жергілікті шаруа қожалықтары басшылығымен өткен басқосуға ауданның аймақтық ветеринарлық қадағалау жән бақылау басқарамасы, ветеринарлық зертхана, мал дәрігерлік, ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімдері және округ әкімдері шақырылды.   

Аталған дөңгелек үстелде негізінен бруцеллезді алдын алу туралы мәселелер талқыланған болатын. Өйткені былтырғы жылы Байғанин ауданы осы дерттің салдарын қатты тартты. Ауыл тұрғындарының айтуынша фермалардағы малдың басым бөлігі осы бруцеллезге шалдыққан.

«Назар-Есен-Түгел» шаруа қожалығы басшысы Алмас Дәрібаев  шаруашылығындағы ірі қара малдың әр басынан алынған қан құрамында бруцеллез табылған. Бұл 80 бас мал, өкінішке орай бәрін жоюға тура келді.

 Шаруа бұл мәселелер мал дәрігерлерінің олқылықтарынан орын алып отыр дейді. Қора-жайларды кезекті залалсыздандыру жұмыстары дұрыс деңгейде жүргізілмеген деп топшылайды ауыл тұрғындары.

Мал шығынын болдыртпау мақсатында шаруалар үшін осындай шаралар мен талқылаулар қажет. Мәселен, бір қожалықта ауру белең алса, оны дереу басқа қожалықтарға хабарлап, тез арада ақылдасып, бірігіп, жоюға қам жасауға болады.  Ал ветеринарияға қатысы бар ведомстволарға бруцеллезді алдын алу үшін жүргізілетін жұмыстарды, бақылауды, ауруды анықтау, емдеу, жоюды қатаң қадағалау ұсынылды.  

 Өз алдына ветеринаррлық қызмет өкілдері малдың ауырғанын немесе себепсіз қырылуы фактілерін дереу хабарлауды, ауырған малды мүмкіндігінше басқалардан оқшау ұстауды ескертті. Бір мәмілеге келген тараптар аталған шараның ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдірді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасында  мал аурулары бойынша осындай басқосуларды жиі өткізуге ниетті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер