astana-view

Шағымдар 2 пайызға дейін азайды

2017 жылғы 15 Ақпан
- Қарағанды облысы
5437 просмотров

2016 жылы Қарағанды облысында жер учаскелеріне қатысты шағымдар тоқтаған.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Қарағанды облысында өткен көшпелі коллегиясында  ҚР Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Болат Палымбетов хабарлады.

Бизнес-омбудсмен өңір кәсіпкерлерімен кездесу барысында өткен жылы түскен сауалдар легі шағын және орта кәсіпкерлікке құрылысқа және қызметін кеңейту үшін жер учаскесін беруге бағытталды. Кәсіпкерлер жылдар бойы бизнес-жоспарының түбегейлі жоспарлау жоспары мен қаланың бас жоспарына сәйкессіздігі негізінен жер учаскесіне қол жеткізе алмай келген.

«Былтырғы жылы келіп, кәсіпкерлермен, мемлекеттік органдармен кездестім. Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековпен бизнеске жер учаскесін бөлу мәселесі туралы да сөйлестік. Бүгінде барлық әкімдіктер түбегейлі жоспарлау жоспары мен бас жоспарды көрсететіндіктері туралы хабар келді. Бұрындары кәсіпкерлерге көрсетуден бас тартатын еді. Қазір бос жерлер туралы ақпарат ашық, бұрынғыдай емес», ­– дейді Болат Палымбетов.

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы құқықтық бөлімінің мәліметінше бүгінде бас тарту көрсеткіші 2%-ға дейін азайған, бұрындары бұл көрсеткіш 40%-дан кем болмаған.

«Бұл екі пайыз негізделген, дәлелді бас тарту. Учаскелер «қызыл сызық» аумағында, яғни құрылыс шекарасын реттеуде қолданылатын кварталдардың, шағын аудандардың аумағын бөліп тұрған шектеу сызығында  болса, берілмейді. Қолдану мақсаты белгіленген аумақтағы жер учаскелері де берілмейді. Оның ішінде, ауыл шаруашылығының, өндірістік, табиғи қорғауға және басқа да жерлер бар», – деп түсіндіріп өтті Құқықтық мәселе жөніндегі директор орынбасары Геннадий Жмук.

Геннадий Жмуктың айтуынша, бүгінде Кәсіпкерлер палатасында 2016 жылы жер учаскесін ала алмаған кәсіпкерлердің өтінімдері бар. Мысалы, былтырғы жылы ҚР Бас прокуратурасы мемлекеттік органдардың қызметін тексеру кезінде тек Қарағанды қаласы бойынша жер беруден негізсіз бас тартқан 71 жағдай анықталған. Алайда, қазір жағдай түзеліп келеді.

Қарғанды кәсіпкерлері бос жер учаскелері туралы ақпараттан хабарсыз болып келді, бұл сыбайлас жемқорлық мәселесі туралы сауал тудыратын. Бизнес-омбудсмен мұны да тоқтатуға болады деп есептейді, тек өңір әкімшілігінің ықтиярында дейді.

«Мен бұған дейін де ұсынып келдім, тағы да қайталап айтамын, барлығын да ашық жасайық. Бос учаскелерді аукионда өткізу керек. Былтыр Қарағанды облысында бар болғаны 3 аукцион ұйымдастырылып, онда 20 учаске өткізілген. Бұл жерде заң бұзылып отырған жоқ, әкім инвестициялық жобаларға жер бөлуге құқылы. Әкімнен барлық ақпаратты, яғни қандай ЖШС-ға, қандай қажеттіліке қанша жер бөлінгенін, ол жерде облыс бойынша не салынатындығын ашық жариялауды өтінемін. Бұл қоғамдық бақылау болады, осылайша, әділ бөлінбеу туралы әңгіме тоқтатылады. Айқындылық, ашықтық сыбайлас жемқорлық туралы шағымдардың барлық сауалдарын жояды», – деп ұсыныс білдірді Болат Палымбетов.

Бизнес-омбудсменнің пікірінше, Қарағанды облысындағы бүгінгі жағдай өзге өңірлерге жақсы үлгі болары анық.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер