astana-view

«Bastau бизнес» қабылдауды бастады

2017 жылғы 16 Ақпан
- Жамбыл облысы
9844 просмотров

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы алты ауданның тұрғындарынан бір ай бойы кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқуға өтініш қабылдауда

Осы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Bastau бизнес» жобасы іске қосылды. Облыстың Кәсіпкерлер палатасы жобаның жергілікті деңгейде қаржылай емес қолдау операторы болып табылады.

Облыс орталығына Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай, Шу, Жуалы, Байзақ аудандарынан үміткерлер шақыртылады. Курсқа өз ісін бастауға ниетті жұмыссыз азаматтармен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтитындар да қатыса алады. Бүгінде әрбір аудандағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығы үміткерлерді тіркеуді бастады. Негізінен оқу курсы 3 сәуірде басталады. Оқу кестесімен Облыстық кәсіпкерлер палатасының сайтынан танысуға болады.

80 сағатты қамтитын оқу курсы бір айға жоспарланған, сондай-ақ білім алушыларға стипендия қарастырылған. Арнайы дайындалған кәсіби бизнес-тренерлер оқытудың заманауи тәсілдерін қолданып, интерактивті формада жүргізеді.

«Оқу барысында қатысушыларға кәсіпкерлік қызметті жүргізудің негіздері бойынша ақпарат беріледі, олардың қатарында салық төлеу режимі, біздің облысымызда сұранысқа ие бизнес-жобалар туралы маркетинг негіздері, кооператив құру бойынша ақпараттық-әдістемелік құжаттар үлгісі, маркетингтік зерттеулер нәтижесі, стартаптарды жүргізудің халықаралық тәжірибесі бар. Бұған қоса, курсты аяқтағандарға Кәсіпкерлер палатасы жобаға түгелдеу сүйемелдеу жасайды және олар жеңілдетілген несиеге де сенулеріне болады», –­ деп атап өтті кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Диана Тукпетова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер