astana-view

Субсидия өссе, бал да көбейеді

2017 жылғы 16 Ақпан
- Алматы қаласы
13451 просмотров

Ара шаруашылығы өнімінің өндірісін әртараптандыру отандық омарташыларға шикізаттық емес экпорт нарығына шығуға мүмкіндік береді

Алматыда Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы қатысушыларымен жұмыс бабы бойынша кездесу кезінде  Қазақстан омарташыларның «Бал-Ара» ұлттық одағының вице-президенті Ғабит Нұрәділ ауыл шаруашылығына қол көрсету қажеттілігі туралы айтты.

«Елбасы өз Жолдауында атап өткендей, агроөндірістік кешен экономиканың жеделдетілген технологиялық модернизациясы басымдығының алдыңғы сапына кіреді. Себебі бұл ­– республиканың экономикалық және тағамдық қауіпсіздігін құрайтын экономикадағы маңызы зор сала. Бүгінде Қазақстанда 12 мың омарта шаруашылығы жұмыс істейді, олар орта және шағын бизнестің субъектілері болып саналады. Ресми емес деректерге сүйенсек, 2016 жылы 8 000 тонна тауарлық бал жиналған. Омарта шаруашылықтары кооперативтерге біріге бастады, әрине олардың саны көп емес, республика бойынша саны онға жетер-жетпес. Алайда, омартаның ара шаруашылығындағы балұяны, одан кейін тозаңдандыратын ауыл шаруашылық алқаптарының санына тікелей әсер ететін қарқынды әдісіне ауысуын есепке ала отырып, 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамыту бағдарламасында қарастырылған субсидиялауды арттыру омарта шаруашылығының дамуына оң әсер етеді. Аралардың майлы, жидекті және жемдік дақылдарды тозаңдандыруы азотты және күрделі минералдық тыңайтқыштарды қолданбастан түсімділікті бірнеше есе арттырып, экологиялық таза өнімдердің жоғары көрсеткішіне жетуге мүмкіндік береді», ­- деп атап өтті Ғабит Нұрәділ.  

«Бал-Ара» қауымдастығы төрағасының айтуынша, мемлекет қазірдің өзінде омарташыларға қолдау көрсетіп отыр – тұқымдық омартаға субсидия бөледі, мемлекет есебінен білім алуды қамтамасыз етеді, балауыз өндіру, балды бөліп қаптауға, ара ұясынсыз арақалталарын шығаруға, балды конвейерді ұйымдастыруға несие бөледі.

«Технологияны дамыту омарта шаруашылығының алдында жаңа міндеттерді қояды. Сондықтан да орта және кіші омарта шаруашылықтарын субсидиялау мөлшерін арттыру мен қаржылай шығынды өтеу бойынша бағдарламалардың жаңа түрлерін дамыту маңызды. Бұл тәжірибе жүзінде қарқынды омарташылық әдісін, өнімділікті арттыратын техника мен жабдықты сатып ала отырып, жаңа технологияларды қолдануға мүмкіндік береді. Аталған міндеттердің маңызы зор және Қазақстан омарташылары одағының президенті Сергей Александрович Терещенконың омарта саласындағы қойылған мақсаттар аясында дамытуға арналған шешімдерімен үндес. Ара шаруашылығы өнімінің өндірісін әртараптандыру отандық омарташыларға шикізаттық емес экпорт нарығына шығуға мүмкіндік береді», – деп хабарлады Ғабит Нұрәділ.

Жалпы, Жолдауда айтылған міндеттерді еліміздің омарташылары бірауыздан қолдайды. Алайда, олардың айтуынша, даму бағдарламасы түгелеу орындалу үшін және Мемлекет басшысы қойған тапсырмалар түгелей шешімін табуы үшін омарта шаруашылығын дамытуда Омарташылардың ұлттық одағы да, мемлекеттік органдар да күш біріктіріп, ортақтасын жұмыс істеу керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер