astana-view

Шаруалар әлеуеті қандай?

2017 жылғы 20 Ақпан
- Павлодар облысы
5855 просмотров

Өңірлік кеңес отырысы барысында Палатаның аудандық бөлімдерінің директорлары өткен жылға есеп беріп, келер жылға бағдар жасады

 Май ауданының Кәсіпкерлер палатасы бөлімінің директоры Айтас Шамбасов 2016 жылы палата бөлімшесі жалпы сомасы 365,5 млн теңге сомасын құрайтын 142 жобаны сүйемелдеген, сондай-ақ, директор ауыл шаруашылық коопреативтерін құрудағы сәтті тәжірибелерімен бөлісті. Өңір экономикасы басым бағытының бірі мал шаруашлығы екенін тілге тиек етіп, ауданда  агроөнеркәсіп кешенін дамытуда ӘКК (Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация) құру маңызды екенін айтты. Палатаның толыққанды сүйемелдеуімен Май ауданында 11 ӘКК сәтті жұмыс істеп тұр.    

 Айтас Шамбасовтың айтуы бойынша Палата аудандық бөлімшесімен жаңа ӘКК құрудан басқа бұрын тіркелген кооперативтерге қолдау көрсетіп отыр, яғни кооперативтер құрамын ұлғайтып жатыр. Мәселен, «Қайнама 2» ӘКК-ның құрамында 7 қатысушы болса, олардың саны бүгінде 13 қатысушыға жетті. «Жырық Құдық Достық» ӘКК-да бастапқыда 5 мүше болған, қазір 23 қатысушыға жетіп, кооперация әлеуеті күшейген. Тұра осылай «Шаңырақ» ӘКК, «Димаш» ӘКК, «Қаратерек» ӘКК, «Бірлік Саты» ӘКК да қатысушы санын ұлғайтты. Осылайша 11 кооперация құрамы 179 адамға ұлғайған. Енді кооперацияларда 16 дана техника, жақсы тұқымды 1254 бас ірі қара бар.  Палата бөлімі қолдауымен шаруашылықтар етті бағытта 42 асыл тұқымды бұқаларды сатып алды. Сонымен қатар бір уақытта 285 бас ірі қара сиятын 19 отбасылық бордақылау алаңдары құрылды. 

Аудан бойынша барлығы 482 кәсіпкерлік тіркеуде тұр. Бұл Өңірлік кәсіпкерлер Палата бөлімшесі жанына құрылған Өңірлік кеңес жақсы қолдау көрсетіп отыр. Аталмыш Кеңес құрамында ауданның 7 белсенді кәсіпкері бар, сонымен қатар Іскер әйелдер кеңесінде 3 кәсіпкер ханым мүшелікте, осы білікті кісілер Май ауданың бизнес-ортасын қалыптастырып, оңтайлы жағдай жасап,  жергілікті экономикалық ахуалды дамытуға күш салып отыр. 

 Павлодар аудандық кәсіпкерлер палатасы бөлімінің директоры Әнуар Қалышбековтың мәлімдеуінше бизнес өкілдерінің жұмысында көптеген әлеуметтік кедергілер бар, бұл кәсіпкерлікті тежеп отыр. 2016 жыл бойынша Павлодар аудандық кәміпкерлер палатасы бөліміне 70 кәсіпкерлерден өтінім мен шағым түскен, оның ішінде 9 өтінім құқық қорғау бойынша қаралды: төртеуі әлеуемттік кедергі, бесеуі сотта құқық қорғау бойынша өтінім. Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі отырысында 3 кәсіпкерлерліктің мәселелері талқыға салынып, бизнесмендер үшін оң шешілді.  

 Павлодар аудандық кәсіпкерлер палатасы бөлімі мен жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығы арасындағы келісім бойынша мемлекеттік органдардың кәсіпкерлер құжаттарын, өтінімдерін заңға қайшы рәсімдеуден бас тарту фактілерін бақылау  қолға алынған.  Нәтижесінде 2016 жылы 10 қабыл алмау және 28 құжаттарды рәсімдеуді тоқтату фактілері анықталған.

 Кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесін қорғауда ауданда ашылған Жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің құрылуын айтуға болады. Кеңес төрағасы болып Павлодар аудандық кәсіпкерлер палатасы директоры Әнуар Қалышбеков сайланды.  

 Бұл жерде Дуальді білім беру жол картасына үлкен мән беріледі. Павлодар ауданыда ауылдық округіндегі орта білім беретін мектептер базасында  2 кәсіптік бағдар бойынша бөлме ашылған. Палата кәсіпорындар мен Қызыл әскер аграрлық-техникалық колледжі арасында мамандар дайындау бойынша келісімдер жасалған. Бүгінде 15 студент өндірістік тәжірибеге жіберілген. Жалпы 2016 жылы дуальды білім беру бойынша 40 түрлі іс-шара өткізілген.  

Успенск аудандық кәсіпкерлер палатасы бөлімінің директоры Әсел Бижанова Нәтижелі жұмыс және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын 2017 жылға үлкен басымдық беріп отыр. Директор айтуынша бүгінде Успенск ауданы бойынша 660 шағын кәсіпкерлік тіркелген. Былтыр Успенск аудандық кәсіпкерлер палатасы бөлімі кәсіпкерлерге 973 қызмет түрін көрскеткен. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін 61 жоба сүйемелденіп, оның ішінде 41 жоба бойынша оң шешімге қол жеткен.

Әсел Бижанова 2017 жылға жоспар жасай отырып, ӘКК маңызын атап өтті, қазіргі уақытта бөлімнің сүйемелдеуінде, тіркеу кезеңінде 1 кооперация тұр. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында екі инвестциялық жоба іске асырылмақ, оның бірі  200 гектарда жемдік дақылдарды тамшылату әдісімен өсіретін «Бик» шаруа қожалығы. Жоба құны – 400 млн теңге, жоба аясында 10 жұмыс орны ашылмақ. Екінші инвестициялық жоба экспарцет, еркекшөп сынды жемдік дақылдарды өсіруге бағытталған «АгроПлюс К» фермерлік қожалығы. Жоба құны – 100 млн теңге, қожалықта 7 жұмыс орны болады деп күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер