astana-view

Елжан Біртанов: «Министрлік бизнес үшін кедергілерді алу жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді»

2017 жылғы 21 Ақпан
- Маңғыстау облысы
9323 просмотров

Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина қоғамдастығы өкілдерімен кездесті

Денсаулық сақтау саласының басшысы медицина қоғамдастығымен кездесуде міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидалары туралы түсіндіріп, Елбасы Жолдауындағы денсаулық сақтау саласын модернизациялаудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру туралы ақпарат берді.

Ауруханалардың, емханалар мен медициналық орталықтардың басшылары ММСЖ енгізуге қатысты сауалдарға жауап алды. ҚР «Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы заңы 2015 жылы қарашада қабылданған, ал 2016 жылдың 22 желтоқсанында Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Осы құжатқа сәйкес, Медициналық сақтау қорына мемлекеттің жарнасы 2017 жылдың 1 шілдесінен 2017 жылдың 1 қаңтарына ауыстырылды. Жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, жеке меншік нотариустардың, жеке меншік сот орындаушыларынығ, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатын жеке тұлғалардың қорға салатын аударымдары мен жарнасы  2017 жылдың 1 қаңтарынан 2017 жылдың 1 шілдесіне қалдырылды. Жалдамалы жұмысшылардың жарна аудару мерзімі бұрынғыдай қалдырылды – 2019 жылдан басталады.

Министр жеке меншік медициналық мекемелерге барды. Орынбасары Мирхат Хусаинов жекеменшік медициналық компанияларды қауымдастық құру үшін біріктіру қажеттілігі туралы ұсынысын білдірді. Бұл ұсыныс бірауыздан қолдау тапты.

Елжан Біртанов, жекеменшік медициналық бизнес өкілдеріне қарата, медициналық сақтандыру жүйесінде меншік формасына қарамастан барлық медициналық мекемелерді тарту үшін теңдей және экономикалық тиімді жағдайлар жасалатынын атап өтті. Қазір министрлік бизнес үшін кедергілерді алу жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді, жеке меншік секторда тікелей диалог үшін ұсыныстар да күтілетінін жеткізді. «Біз медициналық қызмет көрсететін жеке меншік жеткізушілер үлесінің саны жағынан да, қаржылық көрсеткіші тұрғысынан да өсуін күтеміз. Тариф саясатын қарауға дайынбыз, олар нарыққа негізделген, жоғарыда атап өткен сіздер салған инвестицияларды ескеру керек, бірақ шығындардың тиімділігін ақпараттық жүйе бойынша қарастыратын боламыз. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесінде күшейе түсетін бәсекелестік жағдайында бағалар өздігінен реттелетінін естен шығармаған жөн, осы ретте ауруханалардың экономикасы зардап шекпес үшін теңгерім тауып, қызмет көрсету санын бақылауда ұстау керек», ­–­ деді Елжан Біртанов.

SOFIEMED басшылығы медициналық секторды қайта реттеуде белсенділігі үшін Елжан Біртановқа алғыс білдірді. SOFIEMED бақылау кеңесінің төрайымы Маржан Орманова атап өткендей, қызмет көрсету нарығын қайта реттеу шағын және орта бизнестің мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді. «Бұл – сапалы көрсеткіш! Өңірде дәл қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік шешім қабылдағаннан кейін жоспарлы түрде арта түседі», ­– деді Маржан Орманова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер