astana-view

Конституциялық реформа Үкімет жауапкершілігін арттырады

2017 жылғы 22 Ақпан
3380 просмотров

Жаңа реформаны түсіндіру бойынша кезекті басқосу өтті

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында кезекті рет Конституциялық реформа мен Елбасы жолдауын түсіндіру бойынша жиын өткізілді. Түсіндірме жұмыстарын «Атамекен» ҚР ҰКП Тағам өнеркәсібі комитеті хатшылығының басшысы Ербол Есенеев пен Басқарушы директор Қанат Сахариянов Оңтүстік Қазақстан кәсіпкерлері мен жұртшылығына арнап видеобайланыс арқылы жүргізді.

Елбасы Конституциялық реформаға сәйкес мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі республика дамуының жүйелі және заңды кезеңі болып табылатынын атап өткен болатын. Отырыс барысында жаңа өзгерістер жайында Басқарушы директор Қанат Сахариянов тарқатып айтып берді.  

«Конституциялық реформа бойынша өзгерістердің ең маңыздысына тоқтала кетейік. Біріншіден, Елбасы өкілеттілігі қайта қаралады. Яғни Президент заңдық күшке ие жарлықтарды енді қабылдамайды, барлық заңдарды Үкімет бекітеді. Екіншіден, әлеуметтік-экономикалық саланы реттеу Үкіметпен жүзеге асады. Мемлекеттік бағдарламаларды да енді Үкімет қабылдайтын, бекітетін болады. Төртіншіден, енді Президент Үкімет пен Премьер-министрдің актілері қызметін тоқтатуға құқығы болмайды. Осы ретте Үкіметтің жауапкершілігі күшейетін болады. Ал Президент барлық стратегиялық функцияларға жетекшілік етеді, – деді Қанат Сахариянов.

Шара барысында жуырда қыбалданған «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Тағам өнеркәсібі комитеті хатшылығының басшысы Ербол Есенеев түсіндірді.

«Жолдауда негізгі назар агроөнеркәсіп кешеніне бөлінгені анық. Бұл кезекте кооперацияларды ерекше атап өткім келеді. Жаңа ережелерде Коопиративтерге көп жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, техникалық жабдықтарды алу бойынша мемлекет инвестициялық шығындардың 50%-на дейін өтеуге дайын. Бұл өте жақсы мүмкіндік. Ауыл шаурашылығын дамытуда керемет қолдау. Бұрын мемлекеттік қолдау орта және ірі тауарөндірушілеріне ғана жүргізілетін, бүгінгі таңда шағын шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы сол кооперацияларға қолдау жасалады. Ет, сүт өндірісіне де жақсы қолдау бар», – деді Ербол Есенеев.

Басқосу барысында Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлері агроөнеркәсіп кешініне қатысты сұрақтар қойып, спикерлер тарапынан толымды жауаптар алды. Сонымен қатар, шара аясында таяу арада басталатын көктемгі далалық жұмыстар науқаны да сөз етілді. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер