astana-view

ҚР ҰКП Үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасының екінші 5 жылдықтың жоспарын түзу барысында, Кедендік Одақтың техникалық жұмыс тәртібіне байланысты сараптама жүргізеді

2014 жылғы 15 Наурыз
9812 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасының екінші 5 жылдықтың жоспарын түзу барысында, Кедендік Одақтың бүгінгі және алда күшіне енетін техникалық жұмыс тәртібіне байланысты сараптама жүргізбек.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдеріне бұл тапсырма Үкімет үйінде өткен метрология және техникалық реттеу мәселесі бойынша Комиссияның кезекті отырысында  берілді. Отырыс Премьер-министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешовтың төрағалығымен болып өтті.

Отырысты қорытындылай келе Әсет Исекешов, салалық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарға, сондай-ақ, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Үдемелі индустриялды-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасының екінші 5 жылдықтың жоспарын түзу барысында, Кедендік Одақтың бүгінгі және алда күшіне енетін техникалық жұмыс тәртібіне байланысты сараптама жүргізе отырып, Кедендік Одақтың техникалық реттеу талабына сай техникалық жұмыс тәртібі, стандарттар, зертханалармен қамтамасыз етілуін, олардың қаржылай қамтамасыз етілуін және қазіргі іс барысындағы нормативтік техникалық құжаттарға жаңа өзгерістерді әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ, Ұлттық палата кәсіпкерлеріне мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде, субсидиялау немесе сынақ жүргізетін зертханаларды кеңейту үшін тетік әзірлеу тапсырылды.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды:

  • 2020 жылға дейін және келісім жүргізу барысында, техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру бойынша кешенді жоспар жобасы туралы;
  • Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы және оған қосымшасы ретіндегі Келісім жобасының «Техникалық реттеу» VI бөлімінің позициясын құру;
  • Кедендік Одақтың техникалық жұмыс тәртібін жүзеге асыру үшін, Қазақстанның ішінде жоба шараларын үйлестіру және бекіту. 

ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің төрағасы Біржан Канешев осы 3 тақырып бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, 2020 жылға дейінгі метрология және техникалық реттеу жүйесі бойынша Кешенді жоспар Жобасы мынадай бөлімдерден құрылмақ: бәсекеге қабілетті өндіріс үшін жағдай жасау; отандық тауардың халықаралық және аймақтық нарықта жұмыс істеуіне ықпал ету, өлшемдердің қадағауға қол жеткізіп, метрологиялық тәуелсіздікпен қамтамасыз етілу, мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетуге қол жеткізіп, метрология және техникалық реттеу саласында жемқорлықтың алдын алу.  

Отырыс кезінде Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі Келісім жобасы бойынша уағдаға келу  мақсатында жұмыстар жүргізілуде. «Техникалық реттеу» бөлімі қарастырады.

Екі жақтың істелген жұмыстың нәтижесінде, аккредитация, Одақтың техникалық реттеу әрекеті мен өнімі айналымына қатысты, ортақ техникалық принциптер келісімі жасалуда;

Еуразиялық Экономикалық комиссияның Коллегия шешіміне сәйкес, Кедендік Одақтың бекітілген техникалық жұмыс тәртібі бойынша, Кедендік Одақ тараптарының Техникалық жұмыс істеу тәртібінің бейімделу және кезең-кезеңімен іске асыратын шаралар Жоспары қабылдануда.   

Сараптама нәтижесі бойынша, сондай-ақ, Кедендік Одақтың техникалық жұмыс істеу тәртібін іске асыру барысында шаралардың орындалуында кедергі туындамас үшін, мемлекеттік орган мен жобаны даярлаушылар бекіткен жоспарға сәйкес, 

Қосымша Қазақстанның ішінде үйлестіру жұмысын бастау қажеттігі айтылды. Ұсынылып отырған үйлестіру жұмыстары Қазақстан аумағы ішінде Кедендік Одақтың техникалық жұмыс істеу тәртібіне сәйкес, түйткілдерді нақты шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, отандық өнім өндірушілер мен кәсіпкерлердің бизнес жүргізуге дайындығын, сынақ жүргізетін зертханалар мен оның сәйкестігін дәлелдеу бойынша іс жүргізетін органдардың да жұмысы жауапкершілік деңгейін арттыра түседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер