astana-view

Өңірлік палата кәсіпкерлерді серіктестікке шақырады

2017 жылғы 01 Наурыз
- Ақмола облысы
8166 просмотров

Халыққа қызмет көрсету орталығының жобасы дайын

Мемлекеттік-жекеменшік серістестік аясында мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының бірегей жобасына инвесторлар іздестірілііп жатыр. Бұл мамандандырылған ХҚКО болашақта автомектептер, техникалық қызметкөрсету бекеті, жүргізушілерді оқытатын полигон, көлік қоятын орын қарастырылған ауқымды кешен болмақ. Мұнда автокөліктерді тіркеу, мемлекеттік нөмір белгілерін, техникалық құжаттарды, жүргізуші куәлігін беру секілді салалық бейінділікпен байланысты қызметтер көрсетілетін болады.

«Қазір бір жекеменшік серіктес іздестірудеміз. Жүзеге асқан уақытта экономикалық пайда күтілетін осы жобаға кәсіпкерлерді белсенді қатысуға шақырамыз. Тәжірибеде жұртшылық тарапынан аталған қызметтерге сұраныстың артқаны байқалды. Жоба миллиард теңге сомасына бағаланады, оның үстіне мемлекет қаржатты 100% қайтаруы қарастырылған», – дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Фатима Герфанова.

Мамандандырылған ХҚКО-ның құрылысы ыңғайлы, келешегі зор бағытта – Шығыс өндірістік аймағының территориясында «Көкшетау–Астана» автобанының бойына жоспарланған. Қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін ауданы 0,3 гектар жер бөлініп қойды.

Сонымен қатар, жергілікті басқару органымен толық бизнес-жоспар жасалып, барлық жобалық-сметалық құжаттары бар, қажетті мемлекеттік сараптама жүргізілді. Енді жоба аяқталуға жақын – негізгі тұжырымдама негізінде және жүзеге асыру және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың түсінікті кестесі бар жобаның соңғы нәтижесі тек кәсіпкерлердің белсенділігіне тікелей байланысты.

Анықтама үшін айтсақ, Қазақстанның әр өңірінде 12 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Нәтижесінде бизнес-процесстерді автоматтандыру, барлық мәліметтер базасы мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін біріктіру, арнайы қызмет көрсету уақыты екі есе қысқарған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер