astana-view

Ана балаларды дамытуға арнап кәсіп ашты

2017 жылғы 06 Наурыз
- Жамбыл облысы
12463 просмотров

Жанға жайлы кәсіп ашу – рахатқа бөлеп, табыс әкеледі

Отбасылық өмір мен қоғамдық қызметті қатар алып жүретін белсенді әйел қандай бизнес-идеяны жүзеге асырады? Әрине, түпкілікті сезінетін, анық-қанығын білетін істің шырайын келтірері анық. «Халык Life» АҚ бөлімшесінің директоры, Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Ақмарал Ералиева өз арманын осылайша жүзеге асырған. Таяуда Тараз қаласында Балаларды дамыту орталығы ашылды. Орталық балалардың дарынын ашып, қабілетін дамытуға септеседі.

Ақмарал Ералиева Орталықты ашуға шын ниетімен кіріскен. Себебі өзі де ана ретінде балалардың дұрыс дамуына, олардың дарыны мен қабілетін ашуға көмектесетін, дұрыс білім беретін орталық болғаны маңызды болды. Сондықтан балалармен жұмыс істеуде Н.Зайцев, Г.Доман, Дьенеш пен М.Монтессори әдістемелері таңдалып алынды.

Ал Мария Мотессори жүйесі туралы айтар болсақ, бүгінде бұл педагогикалық жүйе – әлемнің көптеген елдерінде танылғандардың бірі. Монтессори жүйесі дәстүрлі педагогикадан айтарлықтай бөлек. Біріншіден, балаға бірегей, қайталанбас тұлға ретінде қоршаған ортаны өзіндік дамыту жоспары, тәсілі мен игеру мерзімі бар деп қарайды. Екіншіден, мұғалімнің рөлі. Монтессори жүйесінде бала басты рөлде, ал мұғалім тек көмекші, оның міндетіне тек материалмен дұрыс жұмыс істеуді үйрету, балалардың жетістігін бақылау ғана кіреді. Осыдан баланың таңдау еркіндігі байқалады: ол өзінің екпінімен қозғалуға ерікті. Сондықтан Балаларды дамыту орталығында балалар сөйлеп тұрған мұғалімге партада бақылап отырмайды. Әрқайсысы кілемге немесе үстел басында отырып өз ісімен айналысады.

Мұнымен қоса, түрлі жас ерекшелігіне қарай топтастыру қағидасына сәйкес ересек балалар жасы кішілерге көмектеседі, осылайша бауырмалдыққа тәрбиеленіп, топта отбасылық жағдайға бейімделеді. Орталықта топтар бірнеше аумаққа бөлінген және түрлі дидактикалық құралдармен қамтамасыз етілген. Мысалы, математикалық аумақта есептер, есептік мысалдары бар ағаш тақтайлар, бөлшек туралы түсінік қалыптастыратын фигуралар жинағы қойылған. Ал сенсорлық аумақта – балалардың ұсақ маторикасы, қабылдауы, түс ажыратуы қалыптастырып, есте сақтау қабілетін дамыту үшін түрлі формада, көлемдегі, салмағы ме түсі әрқалай фигуралар жинағы орналастырылған. Ал тіл үйреті аумағында әріптер, буынға бөліп оқу, сөздік қорды қалыптастыруға көмектесетін оқу құралдары бар. Практикалық зона қарапайым тұрмыстық дүниелерді үйретеді, атап айтқанда еденді сыпыруға, түрлі өлшемдегі түймелерді түймелеуге, қуыршақтарды киіндіріп, шешіндіруге баулиды.

«Орталыққа 3 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалар қабылданады, бірнеше топ бар – түске дейін, таңертең немесе түстен кейін айналысуға болады, тіпті күні бойы келуге де мүмкіндік бар. Оқу үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді. Болашақта тек ағылшын тілінде оқытатын топ ашуды жоспарлап отырмыз. Ересек жастағыларға арналған қосымша кабинет бар, ол жоғары және бастауыш сынып оқушыларын математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін оқытып, «Дарын, «Назарбаев зияткерлік мектебі,» қазақ-түрік лицейі сынды мектептеріне оқуға түсуге дайындайды», – дейді Ақмарала Ералиева.

Іскер әйелдің айтуынша жылдам оқу, шешендік өнерге баулу доғары деңгейде өтіп келеді. Себебі оқытушылар құрамы өте білікті. Әрбір баланың қабілетін танып-білуге кәсіби шеберлігі жоғары. «Тағам үйлестірілген, бала өзі қаншалықты жеңігісі келгенін таңдайды. Релаксацияға да көңіл бөлінеді. Балалар еденге қойылған жұмсақ жастықтарға жатып демала алады, жаттығу жасап, би билеп, сахналық қойылымдарда әртүрлі рөл ойнап, қолөнердің түрлерімен айналысады», – деп таныстырды кәсіп иесі.

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Қарлығаш Аралбекованың айтуынша, «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесі құрылғалы бері облыста жеке кәсібін ашқан, кәсіпкерлікті басқарған әйелдер саны артып келеді. Іскер әйелдер кеңесі өз ісін бастауға ниетті жандарға көмектесін, бизнес-идеяларан жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде қолдау білдіреді.

«Іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен ашылған осы Орталық Тараз қаласының тұрғындарының көңілдерінен шығады деген сенімдемін. Әріптесіміз ашқан орталықта барлығы да балалардың дамуына арнайы жасалған. Игілікті бастама жемісті болсын деп тілейміз!» – деп ниетін білдірді Қарлығаш Аралбекова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер