astana-view

Заңды сауда жасау үшін талаптарды білу керек

2017 жылғы 06 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
6940 просмотров

Айтылған мәселелерді аудандық прокуратура бақылауына алды

Бақылау органдарының жетекшілері Жамбыл ауданының кәсіпкерлерімен кездесу өткізіп, бизнес субъектісіне қатысты барлық талаптар туралы түсіндірді. Күн тәртібінде кәсіпкерлік қызметтегі өрт қауіпсіздігі, санитарлық-эпедемиологиялық саулық мәселелері қойылды. Бақылау органдары қанағаттанарлық баға қоюы үшін кәсіпкерлер барлық талаптарды білу керек. Дегенмен, бұл талаптар кәсіпкерлерді тығырыққа тірейді. «Ішкі істер органы кәсіпкерлік қызметті тексеру кезінде терезе ойығында темір торлар міндетті болу керек деген талап қояды, ал «Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары» техникалық тәртібіне сәйкес ғимараттың барлық қабатында терезеге темір тор қоюға тыйым салынған», ­– деп түсіндірді іскер әйел Татьяна Литвинова.

Сонымен қатар, оның ойынша бір орынсыз талап бар. «Өрт қауіпсіздігінің талабына сәйкес ғимаратқа автоматты өрт дабылының жүйесі орналастырылу керек. Кәсіпкерлер жауапқа тартылмас үшін орнатады. Алайда, құрылғылар ең жоғары 75 градусқа ғана есептеліп шығарылған. Түтінге дабыл беретін құрылғылардың құны жоғары. Өрт дабылын орнату мәнсіз, себебі бірыңғай пультқа шығу тетігі жоқ. Құрылғы іске қосылған уақыттың өзінде де тауарларға зақым келтірмей өртті сөндіру мүмкін емес, оның үстіне дүкендер кәсіпкерлердің тұрғын үйлеріне жақын жерде орналаспаған», ­– дейді Татьяна Литвинова.

Кәсіпкерлер кездесуге тыңғылықты дайындалған. Кәсіпкерлік қызметті жүргізуді қиындатады деп таныған бірқатар талаптың тізімін жасаған. Кәсіпкерлер, өрт қауіпсіздігінен басқа, көтерме сауда жасаушыларда тауар сертификаттарының жоқтығы, анықталған қателіктердің көлемімен айыппұл санкцияларының сәйкессіздігі, азық-түлік тауарларының көше саудасында сатылуы, сондай-ақ ресейлік импорт тауарларға қатысты мәселелер көтерді. Жамбыл ауданының прокуроры Алмас Асаинов кәсіпкерлер көрсеткен мәселелер бақылауға алынатындығын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер