astana-view

«Студенттік бизнес мектебінің» екінші кезеңі

2017 жылғы 10 Наурыз
- Ақтөбе облысы
7940 просмотров

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатсының бастамасымен С.Бәйішев атындағы колледжде бизнес мектебі ашылды

 Өз бизнестерін жсопарлау мен оны дамытуды үйренуге ықылас танытқан 3-курс студенттері «Студенттік бизнес мектеп» курсында тегін оқитын болады. Оқыту курсының бағдарламасын колледждің білікті оқытушылары Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшыларымен бірге жасалған жоспардың негізінде дайындады.

Бұл курсқа бизнес, маркетинг пен басқару психологиясы негіздері мен кәсіпорынды аралау бойынша теориялық және практикалық сабақтар енгізілген. Практикалық сабақтарда студенттер бизнес-план дайындауды үйренеді, ал курс аяқталғанда өз жобаларын қорғайтын болады. Бизнес-мектептің ашылуында студенттер мен оқытушылар ғана қатысып қоймай, кәсіпкерлер де шақырылды.

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы адами капиталы дамыту бөлімінің басшысы Дәмиля Құнанова Ұлттық палатаның басым бағыттары жайлы айтып, өз ісін бастаймын деген адамдардың алдындағы мүмкіншіліктер туралы түсіндірді. «Бизнес мектептен алған теориялық және практикалық білім колледж түлектеріне еңбек жолы өз кәсібін ашумен бастауға көмектеседі. Студенттердің бизнес-жобаларын жыл сайын өткізілетін «Atameken start-up», «Бизнестік жол картасы­–2020», «Даму старт-ап», Ақтөбенің «Start-up», студенттердің нағыз жобаларының байқауларына қатыстыруға мүмкіндік бар. Елімізге білімді, жаңаша ойлайтын, жауапты кәсіпкерлер жеткіліксіз екені жасырын емес. Ал бүгінде ақтөбелік жастардың бизнеске деген қыззығушылықтары зор. Көптеген бозбалалар мен бойжеткендер білікті мамандардан бизнесті қалай бастау керектігін сұрайды.

Алғашқы сабақта ақтөбелік дизайнер Малика Дүйсенбаева студенттік жылдан-ақ жеке бизнесті қалай бастау керектігі жайлы айтты. Кәсіпкер өз ісін ашқан кездегі алғашқы қадамдары жайлы айтып, кәсіпкердің бойында қандай қасиет болу керектігі жайлы түсіндірді. Өзінің кәсіпкерлік қызметін мысалға келтіре отырып кәсіби құпиялармен бөлісті.

Маликаның айтуы бойынша анасы тігінге деген сүйіспеншілікті бала кезінен сіңірген. Бүгінде отбасылық ательені Ақтөбеден басқа өңірлерге де таныс. Дизайнер Малика д..йсенованың есімі мерекелік әрі заманауи киімдерді ұлттық нақышта тігетіндігімен мәлім болған. Тапсырыс берушілерінің арасында түрлі халықаралық байқаулапдың қатысушылары мен эстарада орындаушылары бар. «Кеңеседегі бітпейтін жұмыстан жалыққан соң, бухгалтерлікті ине-жіпке айырбастадым. Шығармашылық үшін жоғары еңбекақыдан бас тарттым», – деп жауап берді кәсіпкер.

Бүгінде бұл ісінің тұрақты табысы бар. Маика Дүйсенбаева ең алдымен істі жаныңмен қалағанда ғана табыс та, пайда да болатынына сенімді.

Ал бірінші «Студенттік бизнес мектеп» Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бірлесіп Аөтөбе политехникалық колледжінде ашылғанын еске саламыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер