astana-view

Ауыр жүк тартқыш көліктің иелерін жаңылыстырған

2017 жылғы 10 Наурыз
6569 просмотров

Авто көлік иелерін ауыр жүк көлігіне арнайы рұқсат алуға міндеттеген

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасына «Freightliner», «Peterbil t387», «MAN-2000», «Volvo-12» маркалы автокөліктерді иеленетін кәсіпкерлер жүгінді. Оларды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы» бұйрығы жаңылыстырған. Сонымен қатар, құжатқа автовойыздың ұзындығына шектеу қою туралы өзгертулер енгізген.

Кәсіпкерлер түсіндіруді талап етіп жүгінген облыстық көлік бақылау инпекциясының қызметкерлері анық-қанығын білмеестен, олардың жүк көліктерін жалпы ұзынды 16,5 метр болатын жүк тартқыш пен жартылай тіркемеден тұратын автопойыз санатына жатқызған (бұйрықта жүк автокөліктерінің тиісті жіктемесі бар). Ал шағымданушылардың жүк көліктерінің ұзындығы ­– 19,5 метр. Сондықтан көлік инспекциясында растайтын құжат алуға, тәуелсіз сарапшылар тобының қорытындысын беруге, тіпті олардың көліктері автопойыз екені туралы мәліметтерді техпаспортқа енгізуге кеңес берген.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары бұл шағымды алғаннан кейін жедел түрде мүдделі тараптардың қатысуымен жиын өткізіп, салалық макемеге сұрау жолдады. Кешіктірілмей жауап та алынды. Бұл дауды инвестициялар және даму вице-министрінің жауабы тоқтатты. Роман Скляр бекітілуі мен құрылымына қарай ірігабиртті және (немесе) ауыр салмақтағы жүкті тасымалдауға арналған автопойыздар үшін рұқсат етілген ұзындық, яғни 20 метр деп анықталғанын нақты түсіндірді.

Айтқанындай, тиісті түсіндірме барлық өңірдегі көлік бақылау инспекцияларына жолданды. Егер оны дұрыс түсіндірмесе немесе заңсыз қолданылғаны анықталған жағдайда Көлік комитетінің Жағдаяттық орталығына хабарласуға болады: 8 (717 2) 754-772, 754-776, 754-778


Еншілес ұйымдар

Серіктестер