astana-view

Жастарға кім кедергі?

2017 жылғы 10 Наурыз
- Алматы қаласы
6080 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкерлерді қолдауда белсенді

Бірнеше ай бұрын Кәсіпкерлер палатасына «Жастарға жол» қоғамдық қорының мүшелері көмек сұрап келді. Қордың жиырма жасар мүшесі Рафаэль Гасанов – балалар ауылының түлегі. Бұл жігіт өздігінен кондитерлік цех ашып, жеке бизнесті жүргізуде барлық қиындықтарды бастан кешірген. Енді аяққа нық тұрған жас кәсіпкер өзімен жасты замандастарына көмектескісі келеді екен.

Алматы кәсіпкерлер палатасының басшылығы қоғам белсенділерінің барлық бастамасын қолдады. Осыған орай алматылық кәсіпкерлерді қолдау орталығында тек жастарды қабылдайтын терезе де ашылған. Мұнда жастардың барлық іскерлік бастамалары қабылданады. Студенттер мен ЖОО және колледж түлектеріне бос жұмыс орындарын табу, жеке кәсіп ашу, бизнеске қатысты қосымша білім алу бойынша тегін қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің бухгалтер, маркетолог немесе заңгер жалдауға шамасы келмесе Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы менеджерлері көмек беруге дайын.

«Тереземіздің» жұмыс істеген екі ай нәтижесінде жеке кеңес беру қызметіне 109 студент жүгінді. Олардың 67-сі жеке кәсіп ашу бойынша ұсыныстар, кеңес легін алды. Біз мүмкіндігі шектеулі 6 жасты жұмысқа орналастыра алдық. Кеше ғана мені «Дөнерхана» ашылуына шақырды. Кәсіпкердің жеке іс ашуға қаржысы болмағанына қарамастан ол көп қажетті заттарды өз қолымен жасаған», – деді Рафаэль Гасанов.

Қордың белсенділері жастар арасында жеке кәсіп ашқысы келетін адамдардың көп екенін жеткізді. Бірақ оларға әдетте білім мен қаржы жетіспей тұрады. «Біз әлеуметтік маңызы бар жобаларды қашанда қолдауға дайынбыз. Оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін қолданатын жобалар бар. «Жастарға жол қоғамдық қорымен бірлесіп, «Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі базасындағы оқу-өндірістік комбинатын жандандыру бойынша бизнес-жоспарды әзірледік. Жеке меншік бизнес комбинатты 350 шаршы метр алаңында заманауи аспаздық құрал-жабдықпен қамтамасыз етеді. Енді студенттер тек қана өндірістік практикадан өтіп қана қоймай, сонымен қатар іскерлік мүмкіндіктерін де сынай алады. Олар нарықты зерттейді, сату жолдары сызбасын әзірлей алады. Өз ұсыныстарымызды қала әкімдігіне жолдадық», – деді Алматы Кәсіпкерлер палатасы жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Қайрат Қасенов.

Шараға қатысушылар жас кәсіпкерлер – қазақстандық бизнестің болашағы екенін алға тартты. Жастар жаңа бизнес идеялардың бұлағы, олар тауарды сату, жалпы жұмыста замануи көзғарастарды қолданатын, жылдам ойланатын қасиетке ие.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер