astana-view

Ауылда монша бизнесі жолға қойылмақ

2017 жылғы 13 Наурыз
- Ақтөбе облысы
10743 просмотров

Хромтау ауданының Ақжар ауылында қоғамдық монша ашылды

Ауыл тұрғындары монша салуды ұзақ күтіп, көптеген жылдар бойы жергілікті билікке осы мәселені жиі айытып келе жатқан. Моншаны кәсіпкер Баянсұлу Шукумова ашты.

Кәсіпкерлер палатасы аудандық бөлімшесінің қолдауына сенгендіктен кәсіпкер бизнес-жоспарын дайындап, әлеуметтік маңызды нысанның рұқсат құжаттарын түгелдей ресімдеген.

Монша құрылысын кәсіпкердің жеке қаражатына жүргізілді. Іргетасы былтырғы жылдың сәуір айында құйылған. Ал шілде айында кәсіпкер жұмысты толық аяқтап, нысанды пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Моншаның 80%-ы дайын. Тек әрлеу және маңайын абаттандыру жұмыстары қалған. Іскер әйел ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан берілетін несиені пайдалануға ниетті. Құжат жинау, рәсімдеу процестеріне Палата сарапшылары ықпал етпек.

Баянсұлудың бұл жобадағы көмекшісі – жолдасы Бауыржан Қуатов. Ол құрылыс мамандығын алған және осы бизнестің қыр-сырына қанық. Жуынатын бөлмеге қандай кафель тақтасын жапсыру керек, булау бөлмесіне қандай ағаш пайдаланған дұрыс деген мәселелердің барлығында жолдасы кеңес береді.  

Олар барлық шығын өтеліп, ауылдастар моншаға жиі келеді деп үміттенеді. Моншаның жалпы көлемі 180 шаршы метр. Жекелеген бөлмелер шаштараз, тігін шеберханасына беріледі. Нысан ашылғаннан кейін ауылдағы 7 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасатын болады. Ал кәсіпкердің өзі Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өтіп жатқан «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқу курсынан өтуге шешім қабылдаған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер