astana-view

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы Халықаралық сауда палатасына мүше болды

2017 жылғы 13 Наурыз
13232 просмотров

Хабарламаны Халықаралық сауда палатасының Дүниежүзілік Палаталар Федерациясы жария етті

Қазақстанның сыртқы саудасы халықаралық кепілдік беретін тізбек International Chamber of Commerce (ATA ICC WCF)-тің 76-мүшесі болды. Қазақстанда 1 сәуірден бастап АТА карнет жүйесі қолданыла бастайды.

АТА карнеті уақытша әкелінетін тауарларды анықтап, төлемсіз кіргізуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ әкелінген тауарларды теңестіріп, кедендік төлемдер мен алым-салықтар төлеуде кепілдік беретін халықаралық айналымдағы стандартты құжат болып табылады.

АТА карнеті кеден қызметкерлері мен сарапшылардың уақыты мен қаржысын үнемдеп, тауарды шекара арқылы сенімді және қауіпсіз түрде тасымалдауды қамтамасыз етеді. Қазақстан уақытша әкелу туралы халықаралық конвенцияны ратификациялады (Карнет АТА конвенциясы) ҚР Заңының 2010 жылдың 3 қарашадағы № 346-IV шешімі.

АТА жүйесінің маңызды аспектілерінің бірі – АТА халықаралық конвенциясын ратификациялаған барлық мемлекет бірдей АТА жүйесіне кіре бермейді, яғни олардың аумағында кеден қызметі АТА жүйесінің принципімен қабылдап немесе жібере алмайды. Мемлекет Ұлттық кепілдік беретін ұйымдардың Дүниежүзілік Палаталар Федерациясына және кепілдік беретін қауымдастыққа бекітілген ұлттық кеден органының халықаралық желісіне ресми түрде енгізілгеннен кейін ғана халықаралық АТА жүйесіне ресми түрде мүше бола алады.

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы Қазақстанда АТА карнетін енгізуді 2016 жылы қаңтар айында бастап, 2016 жылдың ақпан айында аяқтады. ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті Халықаралық сауда палатасының Хатшылығына Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы АТА карнеті бойынша кепілдік беретін ұйым деп тану туралы хабарлама берді.

АТА карнеті бойынша коммерциялық үлгідегі кең тауарлар тізбесін: бағалы заттар мен әшекейлер, сағаттар мен былғары бұйымдарды; жәрмеңке мен көрме тауарлары, көрме кабина/стендтер; көне заттар, суреттер және басқа да өнер туындылары; телевизия үшін кәсіби дыбысты жабдық, радио хабарларын тарату және кинематография, музыкалық аспаптар және костюмдер. Сондай-ақ театр үшін құрал-жабдықтар, механика және электр жабдықтары, инженерия, хирургия, археология және тағы басқаларын ауыстыруға рұқсат етіледі.

Атап өту қажет, ATA карнеті арқылы тез бұзылатын немесе тұтынылатын тауарлар, өңдеуді және жөндеуді қажет ететін тауарлар ауыстырылмайды. Қазіргі уақытта Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы осы АТА Карнет жүйесін Қазақстанда толыққанды қоданысқа енгізу үшін бар күшін салып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер