Сотта қорғаймыз, кеңес береміз, несие бөлеміз
«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының тікелей эфирінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директоры Мұрат Әбенов аймақтағы кәсіпкерлікті қолдау жұмыстары туралы әңгімелеп берді
Палата директоры ең алдымен құқықтарды қорғау мен заңдық мүдделер бойынша өтінімдердің артқанына назар аударды. «2015 жылмен салыстыратын болсақ, өтінімдердің көлемі 33%-ға артқан. Бұл көрсеткіш ҰКП жұмысына сенімнің артқанын білдіреді. Егер кедергілер пайда болса Кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсететінін кәсіпкерлер біледі. 212 түскен өтінімнің жартысын оң шешіп, бизнеске 1 млрд теңгеден астам қаржы үнемдеуге жағдай жасадық», – деді Мұрат Әбенов.
Көрермендер Палатаның қандай сұрақтар бойынша қолдау көрсетіп жатқанын бизнесмендердің өз аузынан естіді. Жеке кәсіпкер Николай Савченко қойманы заңдастыру бойынша көмек көрсетілгені үшін алғыс айтты. Қойманы өз бетінше заңдастыруды кәсіпкер қағасбастылық салдарынан жүзеге асыра алмаған. Ал «Ломбард 555» құрылтайшысы Александр Сложеникин Палатаның сот процесінде шағым түсіріп, 68 мың теңге көлеміндегі айыппұлды алып тастауға көмектескені туралы айтып берді. Кәсіпкерге бұл айыппұл кәсіпорын аумағында тазаланбаған қар үшін салынған. Кәсіпкер тиісті органдарға шағымданғанмен мәселе шешімін таппаған.
Мұрат Әбеновтың айтуынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасы әкімшілік кедергілерді азайту бойынша мәселелерді әкімдік, Мемлекеттік қызмет пен прокуратура департаментінің құрылымдық басқармаларымен бойынша бірлескен жұмысы аясында шешеді. Бизнеске арналған жер учаскесін алудағы кедергілер Жер комиссиясы жұмысы аясында шешіледі. Комиссия құрамына Палата сарапшылары мүше. Мұрат Әбенов сотта барлық істер бизнес үшін оң шешіле бермейтінін де атап өтті.
Былтыр шағымдардың дені жалған кәсіпкерлік бойынша болатын, яғни кәсіпкерлерге кейін жалған болып танылған фирмалармен жасалған келісімдері үшін салықтар салынған. Үлкен көлемді салықтарды болдыртпау мүмкін емес еді. «Жалпы заңгерлеріміздің сараптамасы бойынша мемлекеттік органдар Әкімшілік кодексті бюджетті толтыруға көмектесетін құралға айналдырып, қызметтерін асыра пайдаланып отыр», – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директоры.
Тәкелей эфир барысында, сондай-ақ, жаңа Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмысы туралы сұрақтар да назардан тыс қалмады, аталған орталық өткен жылдың аяғында ашылған болатын. Орталықтағы қызметкерлердің берген кеңесі мен қолдауы нәтижесінде облыс бойынша 500-ден астам адам кәсіп ашып немес бизнесін ұлғайтуға мүмкіндік алған.
Жеке кәсіпкер Сәбитжан Жаңабаев Палатаны «Атамекен-Костанай» Микро несиелік ұйымынан несие алуға көмектескені үшін алғыс білдірді. Осы көмек арқылы кәсіпкер Арқалық қаласында тұңғыш таксопаркін ашты. Ал банктер болса кәсіпкердің өтінішін әр түрлі сылтаулармен қабыл алмаған. «Маған Микро несиелік ұйым жаңа жобалар бойынша 316 млн теңге бөлінді. Бұл қаржы кондитер цехтары, тасымалдау қызметі, шаштараз ашуға жұмсалды. Орталықтан адамдар несиені мал шаруашылығын дамыту үшін алған. Рудный қаласының тұрғыны ет пен шұбат өндірісін қолға алу үшін түйе сатып алды», – деді Мұрат Әбенов.
Палата директорына сауал қойып, толымды жауап алу үшін қала тұрғындары жергілікті телеарнаның тікелей эфирине хабарласу арқылы жүзеге асырды. Эфир барысында кызметкерлерге еңбек демалысын уақытында бермеу, мал шаруашылығы үшін жер учаскілерін ала алмау, жалақыны төлемеу, көктемгі адал жұмыстары, кепілсіз несиелер беру, субсидиялаудың жаңа ережелері бойынша түрлі сауалдар қойылып, толымды жауаптар алынды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: