astana-view

Тігінші болғым келеді

2017 жылғы 24 Наурыз
- Ақмола облысы
18012 просмотров

Кәсіби бағдар жұмысы аясында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Табыстылармен бір сағат» шарасын ұйымдастырды

Басқосуда өңірдің тігін саласы өкілдері қатысты, сонымен қатар Красный Яр №3 Агротехникалық колледжі, Көкшетау қаласының сервисті-техникалық және Құрылыс-техникалық колледжерінің басшылықтары мен түлектері де ат салысты.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айжан Тәжмиеваның айтуынша Палата тігін мамандығын насихаттау мақсатында тігін өндірісі хас мамандары мен тігінші болуға ниетті студенттер арасында кездесу ұйымдастырған. Шара барысында студенттер сұрақтарын тікелей сала мамандарына қою мүкіндігіне ие болды.

«Қашанда тігіншілік сұранысқа ие мамандық болған. Әсіресе бүгінгі күні бәріміз сәнді әрі талғаммен киінгіміз келеді. Тігіншілікке ынтаңыз болса, онда біздің қатарымызға қош келдіңіз дейміз. Алайда бұл мамандық үлкен жауаптылық пен төзімділікті талап етеді. Тігіншілік – қол мен қиялдың еңбегі, сондай-ақ сән тұрақсыз болғандықтан тігіншілерге әр қашан өзгерістерге дайын болу керек», – деп жастарды құлшындырып, ары қарай өзінің маңсап жолынан сыр шерткен «Арман» ЖШС директоры Татьяна Басан.

Трикотаж фабрикасы бүгінде еліміздің тігіншілік әлемінде өз орнын еншілеген кәсіпорын. «Арман» ЖШС өткен жылы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауының жеңімпазы атанған. Татьяна Басан студенттерге фабрикада практикадан өту үшін барынша теориялық әрі тәжірибелік дайындықпен келуді сұрады.

«Скарлет» тігін салонының директоры Тамара Меновщинова тігінші маңсабы өте ауыр әрі ұзақ жол екенін айтты. Ісмер, кәсіпқой маманның біліктілігін оның шәкірті Алла Крылова өз бойына сіңіріп, бүгінде жеке тігін цехын ашқан. «Бастысы өз ісінді, мамандығынды сүю керек. Сонда ғана әр жоспар, идея жүзеге асады», – деді жас буынға кәсіпкер әйел.  

Басқосу барысында  тігінші мамандар студенттердің барлық сұрақтарына жауап беруге тырысты – ателье қалай жұмыс істейді: жыл бойы ма әлде маусым бойынша ма? Өндірісте ісмерлер бірден қанша операция орындай алады? Өндірістік практика үшін ақша төлене ме? Практиканттарға қойылатын талап пен жұмыс тәртібі қандай? сынды сұрақтарға жауап алынды.

Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар кәсіпорындарға экскурсияларды тұрақты түрде өткізуді келісті. Тігін кәсіпорындары иелері студенттерді барынша практикалық жұмыстарға жұмылдырып, ары қарай жұмыс орнын беру жолдарын қарастыратынын айтты. Ал түлектерге тігін өндірісі мамандарымен етене байланыс орнату ұсынылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер