astana-view

Африкалық балықтар Шонжыда өсіріледі

2017 жылғы 27 Наурыз
- Жетісу облысы
7386 просмотров
Екі жыл ішінде «Tengry Fish» ЖШС Ұйығыр ауданының бетке ұстар компаниясына айналды
Шоншы ауылы маңында кәсіпкерлер тұщы суда мекендейтін балықтарды көбейтумен айналысады. Мұнда африкалық тиляпия мен жайын өзін тамаша сезініп, көбейіп жатыр.
«Өздеріңізге белгілі тұщы суды негізінен ауданның жер асты қайнарларынан аламыз. Сондықтан біз суды жылытпаймыз, есесіне электр қуатын үнемдейміз. Судың қалыптылығы 280, бұл көрсеткіш балықтар үшін қолайлы», – деді компания директоры Ялқұн Юнусов.
 Бүгінде шаруашылықта 12 мың бас тиляпия, 17 мың бас жайын балығы, сондай-ақ, 500 мың шабақ өсіріліп жатыр. Шабақтар жарты жыл ішінде тауарлық сипатқа ие болады. Кәсіпорын өнімін Алматы қаласы мен Алматы облысының кафе-мейрамханаларына жеткізеді.
«Tengry Fish» ЖШС айына 1,5 тонна балық өндіреді. Ялқұн Юнусовтың айтуынша шаруашылықта жақында бордақылайтын цех ашылады, бұл алаң африкалық балықтарды тамақтандыру шығындарын азайтуға септігін тігізеді.
«Бүгінде балықтардың саны мен сапасы оларға берілетін жем сапасымен өлшенеді. Біз қазақстандық жем түрлерін сатып алғымыз келеді, алайда тәжірибе көрсеткендей, олардың сапасын әлі де жетілдіру керек. Жоспарымызда шаруашылықта  жемдеу цехын ашу», – деп атап өтті компания басшысы.
Шоншылық балық шаруашылығы биыл өнімділікті үш есеге дейін арттырып, айына 5 мың тоннаға дейін балық өндірмек. 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер