astana-view

Экономикалық кеңесте отандық кәсіпкерлерді қолдау мәселесі талқыланды

2017 жылғы 10 Наурыз
- Маңғыстау облысы
8502 просмотров

Өңірдің өнеркәсіптік өндірісін дамыту үшін 5 млрд 169 млн теңге инвестиция құйылған

Бүгінде Маңғыстау өңірі 5 экономикалық бағыт бойынша дамуда.Мұнай-газ саласы мен сервистік қызмет көрсету, көлік-логистика, құрылыс және өнеркәсіптік өндіріс бағыттары бойынша қарқын алып келеді. Әсіресе, соңғы бағытқа басымдылық жасалып отыр. Бүгін «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында аймақ  басшысы  Алик Айдарбаевтың қатысуымен экономикалық кеңестің отырысы өтті. Оған кәсіпкерлер, билік өкілдері қатысып, аталған сала бойынша туындайтын кедергілер мен  оң істер жөнінде пікір алмасты. Бүгінде аймақта өнеркәсіптік өнідіріс көлемі 2015 жылға қарағанда 10,9 пайызға ұлғайған.

Оның ішінде азық-түлік, химия өндірісі 12,1 пайызға , өңдеу өнеркәсібі 10 пайызды құрап отыр. Демк, атқарылған істерден нәтиже бар деген сөз – дейді қатысушылар. Қазір осы бағытта жұмыс жасап жүрген 7 мыңнан астам маңғыстаулық бар екен. Өңірдің өнеркәсіптік өндірісін дамыту үшін 5 млрд 169 млн теңге инвестиция құйылыпты. Бұл өңірлік карта аясында іске асылып отыр.

Мәселен, былтыр өндіру өнеркәсібі саласында 3 жоба жүзеге асқан.  Ал, биылға 7 жоба жоспарланып отыр.  Ал, 2018-2019 жылдарға тағы бір жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.  2014 жылы аймақта іске қосылған цемент зауыты толықтай шетелдік инвестиция арқылы жүзеге асып отырған жобалардың бірі. Зауыт жылына 800.000 тонна цемент шығауға қауқарлы. Қазір өндіріс орны 300 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. Алайда, кемшін тұстары бар дейді зауыт өкілдері. Мәселен, тұтынушылар әлі де отандық өнімді қолдамайтынын айтты.

 «Біз отандық тауар өндірушілерді қолдауын күтеміз және  сұраймыз. Біздегі құрылыс компаниялары алыс-жақын  шетелдің емес, отандық өнімді пайдаланса деген ұсынысымыз бар. Өйткені, өзімізді өзіміз қолдап, жергілікті өнімге сұраныста артар еді. Әсіресе, мемлекеттің қаражатына салынған әлеуметтік нысандарды жергілкті өндірушілер  қолдаса, сонда ісіміз берекелі боларына сенеміз», – деді   "Каспий-цемент" ЖШС өкілі Рафаил Күйшебаев.

Ал, аймақ басшысы  кәсіпорын өкілінің көтерген мәселесін жауапсыз қалдырмай тиісті  басқарма басшыларына шешуді тапсырды.Және осы тапсырманың қадағалануын ұдайы назарда ұстайтынын жеткізді.

 «Біз өзімізден өндірілген өнімді өзіміз пайдалануымыз керек. Ал мұны бақылауды құрылыс басқармасына тапсырамын», – деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

Бұдан бөлек, қазір аймақ аталған 5 бағыт бойынша экономикалық даму көрсеткіші жағын алда. Қазір облыста құрылыс қарқынды. Әркелкі туристтік нысандар ашуда қолға алынбақшы.

Мұнай-газ саласын дамытып, оны  өндіру жолында озық технологиялар пайдаланып, қызмет көрсету сапасын арттыру көзделіп отыр. Өйткені, аталған бағыттар бойынша облыста 131 жобаны іске қосу жоспары бекітлген. Ал, аталған жоспар жүзеге асса, 10 мыңнан астам маңғыстаулық тұрақты жұмыспен  қамтылады. Мақсат айқын, жоспар нақты, тек іспен ғана дәлелдеу қалды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер