astana-view

Құрылыс индустриясының халықаралық байқауына қатысуға шақырамыз

2017 жылғы 27 Наурыз
5792 просмотров
2016 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік құрылыс және жобалау ұйымы, құрылыс материалдар шығаратын кәсіпорнын анықтау байқауы
 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің құрылыс қызметі саласындағы ынтымақтастық бойынша үкіметаралық кеңестің жыл сайынғы Халықаралық байқауы өтетінін хабарлайды.
 Байқауға құрылыс секторының ұйымдары, жобалау компаниялары, сондай-ақ құрылыс индустриясы кәсіпорындары қатыса алады. Бұл Халықаралық байқауға қатысу арқылы отандық компаниялар тұтынушылар нарығын ұлғайтуға, халықаралық деңгейде жаңа тиімді байланыстарды орнатуға мүмкіндік береді.
Байқауға қатысу үшін құжаттарды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің құрылыс қызметі саласындағы ынтымақтастық бойынша үкіметаралық кеңестің хатшылығына 2017 жылдың 1 мамырына дейін жолдау керек. Байқау туралы толық ақпарат пен қатысу ережесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің құрылыс қызметі саласындағы ынтымақтастық бойынша үкіметаралық кеңестің www.bstpress.ru.  сайтында жарияланған.   
 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер