astana-view

Тайынша ауданының сүт өнімдері сапалы

2017 жылғы 29 Наурыз
- Солтүстік Қазақстан облысы
9610 просмотров

«Лера-NORD» ЖШС тауарлары нарыққа жаңадан шықса да  тұтынушылардың сүйікті өнімдеріне айналған 

Өңірлерде сүт өндіретін кәсіпорындар көптеп ашылуы қажет деп ойлайды Тайынша ауданының кәсіпкері Валерий Самойленко. Тайынша ауданы сүт өңдеуден облыс бойынша алдыңғы қатарда тұр. 

 Кәсіпкер сәтті құрылған бизнестің құпиясымен бөлісті. «Бүгінгі тұтынушы табиғи әрі сапалы өнімді таңдайды, сондықтан біздің өнімге деген сұраныс жоғары. Біздің өндіріс секілді кішігірім кәсіпорындар санға емес, сапаға ерекше мән береді. Барлық өнім зертхана тексеруінен өткен таза шикізаттан әзірленеді әрі түрлі қоспаларсыз жасалады. Өндірісте жергілікті сүт пайдаланылатынын мақтанышпен айтамын», – деді Валерий Самойленко.

Сүтті сатылымға шығару үшін өнімді қаптау қажеттілігі туды. Пакетті сүтті шығару үшін кәсіпкер мемлекет қолдауына жүгінген. Валерий Солтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы несие алады. Сол көмек арқылы сапалы әрі әдемі қапталған сүт дүкен сөрелеріне жол тартты. Кәсіпкердің айтуынша шикізатпен ешқандай мәселе туындап отырған жоқ. «Сүтті ауылдастардың шаруа өожалықтарынан тікелей аламыз. Бүгін кәсіпорын тәулігіне 3 тонна сүтті өндіріп отыр, бұл бастама ғана. Сүт өндірушілер жазғы маусымға дайындалып жатыр. Біздің ұсынып отырған тауарлар легіне сүт, сары май, қаймақ, кілегей және ірімшік жатады. Үлкен нарыққа шығу үшін бәсекеге қабілетті болу керек», – дейді кәсіпкер.

Бүгінде кәсіпорында 15 қызметкер еңбектеніп жатыр. Олардың әрқайсысы өз ісінің шебері. Сүт өндіруде қателесуге болмайды, өйткені тұтынушылар қатарында балалар бар, әзірлеу  технологиясында сәл ауытқу болса, сапа өзгеріп кетеді.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер