astana-view

Игорь Шацкий: бизнесмендер үшін тауарға сертификат алғаннан, ғарышқа барған оңай

2017 жылғы 29 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
10450 просмотров

Жергілікті тауар өндірушілер әлеуеті жоғары болса да, өнім сертификатына қойылған қатаң тәртіптен қытай мен ресейлік нарыққа шыға алмай отыр

Бүгінде экпортталатын тауарды міндетті сертификаттау Шығыс Қазақстан облысындағы көптеген кәсіпкерлер үшін үлкен кедергіге айналды. Қазақстан аумағында сынақтан өткізетін зертханалардың болмауынан кәсіпкерлер көршілес елдің қызметіне жүгінуге мәжбүр. Мұндай процедураның шығыны ауыр, сондықтан отандық компаниялар өзге елге шығарылатын тауардың көлемін айтарлықтай азайтуға көшкен. Олардың қатарында «Кэмонт» АҚ, «Шығыс машина зауыты» АҚ секілді ірі кәсіпорындар да бар.

«Сертификаттаудан өту дегеніміз не? Мысалы, «Кэмонт» компаниясы 10 миллион теңгеге үлестіріліп тұратын құрылғылар шкафын сату үшін осындай шкафтың бірнеше үлгісі жойылатын сынақты өткізулері керек. Сынақтан кейін тауар жарамсыз болады – сертификаттау процедурасы осылай. Осылайша құны 10 миллион теңге тұратын өнімді сату үшін үстіне 10 миллион шығын шығару керек. Сол себепті де кәсіпорынның экпортқа шығуы төмендейді», – деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Шығыс Қазақстан облысында сертификаттау орталығы мен сынақ зертханасы кемі екі жылдан соң құрылады. Аталған мәселе қазіргі таңда қытайлық компаниялармен пысықталу үстінде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер