astana-view

Шаруалар кооператив құруға ниетті

2017 жылғы 30 Наурыз
- Маңғыстау облысы
5362 просмотров

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер патасының қызметкерлері аудан шаруаларымен жүздесті

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының ауылшаруашылық мәселелері жөніндегі орынбасары Нұржігіт Хайруллаев, «Маңғыстау» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандары Күзембай Ерғалиев, Алма Оразалиева Түпқараған ауданы фермерлерімен кездесу өткізді.

Форт-Шевченко қаласында өткен кездесуге 30-дан астам фермерлермен қатар, аудан әкімдігі, аудандық мәслихат, «Нұр Отан» партиясы филиалының басшылары, аудандық мәслихат депутатары қатысты.

«Атамекендіктер» фермерлерге бүгінгі таңдағы Елбасы Жолдауында көрсетілген басым бағыттар мен ауылшаруашылық саласындағы мақсаттар мен мемлекеттік қолдаулар туралы түсіндірді. Фермерлерге өз өнімдерінің сапасы мен көлемін арттыру үшін, нарықта өнімді өткізу үшін ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігуге шақырды. Ауылшаруашылық кооперативтерінің артықшылықтары, құру және жұмыс жасау механизмі, бағыттары мен салалық түрлері, жеңілдіктер мен субсидиялар туралы түсіндірілді.

Кездесу нәтижесінде малшаруашылығы, балықшарушылығы, егіншарушылығымен айналысатын фермерлер өзара бөлек кездесу өткізіп, ауылшаруашылық кооперативін құру мәселесі жөнінде шешім қабылдайтын болып келісті. Жеке кәсіпкер Бодықов Тілеген түйе жүнін өткізетін кооператив құру жөнінде ниет білдірді.

Сондай-ақ, Нұржігіт Хайруллаев «Сәубет» жеріндегі егін жайлымдарымен танысып, «Қарағантүбек» ЖШС директоры Қосуақов Сәндібекпен кездесіп, Түпқараған ауданында құны 1 млрд теңгені құрайтын ауылшарушылық жобаларын жүзеге асыруға келісті. Серіктестік құрылысын бастағалы отырған сиыр сүтін өңдейтін зауыт, мал сою орны мен сиыр етін консервілеу зауыты сияқты жобаларды Өңірлік кәсіпкерлер палатасы сүйемелдейтін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер