astana-view

Білім ал да бизнесмен бол

2017 жылғы 30 Наурыз
- Павлодар облысы
5456 просмотров

Кәсіпкерлікті қалай бастайды?

Осындай сауалды кәсіп бастағалы жүрген кез келген адам қояды. Осындайда «Бизнес Кеңесші» оқу  курстары көмекке келеді.  Бұл оқу бағдарламасы бизнесті қалай бастау керек, кәсіпкерлік, маркетинг негіздері, құқықтық білім, адам реусурстарын басқару бойынша білім береді.  

 Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы Асылбек Әріповтың айтуынша оқытатын курстардың басты міндеті – көпшілікке бизнес негіздері бойынша түсінікті ақпарат беру.

Тәжірибе көрсеткендей жылдан жылға «Бизнес Кеңесші» курстарына деген сұраныс артып келеді.  Мәселен, ӨКП бизнес-тренеры Қуаныш Досмағұловтың айтуынша кәсіпкерлердің легі жастардан құрылып келеді. Жас буын кәсіпкерлік негіздері, жеке кәсіпкерлік болып тіркелу үшін не істеу, бизнес-жоспарды қалай құру, қандай мемелекеттік қолдау бағдарламалары бар сынды ақпаратқа қызығушылық танытып отыр. Бастысы – әр аяқталған курс бойынша жақсы нәтижелер бар.

  Асылбек Әріповтің айтуынша оқытудың 1-тоқсанында 40-тан астам курсқа қатысушы грант бойынша қаржыландыру байқауына өтінім білдірген. Ал «Бизнес Кеңес» қатысушылары оөу бағдарламасы мазмұндылығына дән риза.

«Ақпан айында «Бизнес Кеңес» бойынша білім алдым. Нәтижесі өте жақсы. Танымды ақпарат алып, мен секілді жаңа идеялармен құлшынып тұрған, жалынды жастармен таныстым. Біз бәріміз жаңа белестерді бағындыруға дайынбыз. Келешекте Өңірлік кәсіпкерлер палатасында оқуымды жалғастырмақпын», – деді «Creativo»  авторлық жиһаз студиясының жетекшісі  Самал Жанбекова.

Айта кетелік,  қолдарынада «Бизнес Кеңесші» курстарының сертификаты бар оқушылар ары қарай оқуларын «Бизнес Өсу» бағдарламасы бойынша жалғасытар алады. Бұл бағдарлама кәсібі мен бизнесі бар жандарға арналған біліктілікті жетілдіру курстары болып табылады.

   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер