astana-view

Шығыс Қазақстан облысында WorldSkills shygys басталды

2017 жылғы 03 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
8955 просмотров

«Промтехмонтаж» ЖШС,   «Кэмонт» АҚ,  «Казцинк» ЖШС басшылықтары екі жыл қатарынан демеушілік жасап, чемпионатты өткізіп келеді

Ал кәсіпорындар мамандары байқау шарттарын орындап, ұйымдастыру жұмысына атсалып жүр. «Біздің кәсіпорын өзіне қажетті мамандарды дайындауға жауаппен қарайды. Бізге жақсы дайындықтан өткен дәнекершілер керек, сондықтан Кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, кадрларды дуальды оқытуға қатысып отырмыз. Жақсы біліктіліктен өту үшін маман колледждермен етене байланыста болуы керек. Осы бағытта мұндай байқаулар керек. Жас буынның талпынысына қарап, кәсіпорындар жақсы мамандар таңдай алады», – деді кәсіпорны директоры Әділбек Сақалбаев.

Кәсіпорынның бас дәнекерлеушісі Кирил Филлипов колледж оқытушыларының кәсіби біліктілігіне назар аударды, өйткені, олардың білімі арқылы студенттер алғашқы машықтарға үйренеді. Дәнекерлеуші колледж мамандарын кәсіпорындарда біліктіліктен өтуге шақырды.

Бүгінде отандық энергетикалық компаниялар жұмыс түрлері бойынша мамандар біліктілігіне  жоғары талап қойып жатыр.  «Кэмонт» АҚ директоры Елена Беленцева чемпионаттың әділ әрі ашық өтуі бойынша бірқатар ұсыныстар жасады. Чемпионат осы кәсіпорын базасында өткізілді. Шараны ұйымдастыруда кәсіпорындарды жетілдіруде сұранысқа ие мамандарды дайындау мәселесі талқыланды.

 WorldSkills shygys өңірлік чемпионат жергілікті 5 кәсіпорын мен 3 колледж базасында ұйымдастырылып, 11 мамандық бойынша өткізілді. Жалпы чемпионатқа 85 конкурсант қатысты. Қатысушыларды өңірдің 16 кәсіпорынынан келген сарапшылар бағалады. Сарапшылар құрамында сонымен қатар Ресейден келген қонақтар болды. Ресейлік  Владимир Дубинин  шашатараз мамандығы бойынша еуропалық байқаудың жеңімпазы, ол екі қатысушыға өз атынан естелік сыйлықтар табыстады.    

 Чемпионат жеңімпаздарына Палата атынан алтын сертификаттар берілді. Бұл сертификат жұмысқа орналасуға кепілдік береді. Аталмыш чемпионат мектеп оқушыларына да қызықты болды, қатысу алаңдарында ойынды тамашалау үшін 13 мектептен 198 оқушы келді.  

  


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер