astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Doing Business рейтингінде көрсеткішін жақсартпақ

2017 жылғы 03 Сәуір
- Алматы қаласы
6663 просмотров

ҰКП «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы бойынша үздік ондыққа кіруді жоспарлап отыр 

2017 жылдың 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы алаңындағы Doing Business кеңсе-штабында «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.

Осы рейтинг бойынша Қазақстан Құрылыс саласындағы деңгейін бірден 130 бөлімге көтеріп, 152 орыннан 22 орынға тұрақтады. Бұл жетістік сараптамадан өту процесін жеңілдету, әкімшілік кедергілерді азайту, құжаттарды рәсімдеудің «бірыңғай терезесін» ашу арқылы орын алған. Сонымен қатар дайын құрылыс объектілерін пайдалануға беру кезіндегі мемлекеттік комиссияны алып тастау, рұқсат құжаттарды алу сынды жұмыстары да рейтингке оң әсер еткен.

  Халықаралық сарапшылар «Бір терезе» механизмін енгізуді ұсынған бастаманы Үкімет тапсырмасымен Алматы қаласының бір-екі құрылыс объектісінде енгізілді. Аталмыш құрлыстардың иелері Дүниежүзі банк респондеттері болып табылады.  

 Құрамында ҰКП өкілдері, ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-шаруашылық комитеті, сонымен қатар Алматы қаласы әкімдігінің салалық басқармалары (Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, төтенше жағдайлар, тұтынушылар құқығын қорғау, еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы) өкілдері бар топ келесідей құрылыс алаңдарына барды: әкімшіілк нысандары бар автокөліктерді сату және қызмет көрсету кешені, кеңсе-сауда ғимараты, халыққа қызмет көрсету нысандары бар қонақ үй.

Аталған құрылыс нысандарын бейне және фотоға түсіру барысында бақылау-қадағалау органдары бұл құрылыстарға бармайтыны анықталды. Құрылыс салушылар құрылыс алаңдарына кіруге бөгет жасамады, өйткені топ құрамында ҰКП өкілдері бар екенін білген, ал Палата бизнес мүддесін қорғайтыны белгілі.

Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы арнайы медициналық мекеменің қызметкерлердің тамақтан ұлануы туралы хабарламалары бойынша тексеруге шығатыны анықталды. Ал құрылыс алаңында тексеру жүргізілмейді.

Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы жұмысына сараптама нәтижесі бойынша сметалық-монтаждық жұмыстарын техника қауіпсіздігі инженерінсіз жасауға жол бермеу бойынша өкілеттілікті техникалық бақылауға жүктеу мүмкіндігі қаралды.

 

 Жұмыс тобының атқарған жұмысы қорытындысы бойынша инспекцияны «бір терезе» қағидасымен жасау тиімсіз деп танылды, өйткені инспекцияның 2 түрі заңнамаға сәйкес алынып тасталған және сәйкес өкіліеттігі жоқ, ал оларды қайтадан енгізу қосымша кедергіні тудырады.  

 Жұмыс тобы салынып жатқан құрылыс нысандарына арнайы экономикалық аймақ пен төтенше жағдай органдарының қосымша инспекциялары бойынша қосымша заңнамалық актілерге өзгерту қажеттілгін анықтады. Бұл Жұмыстар Doing Business рейтингінде позицияны жақсарту үшін жасалып, өзгертулердің алтыншы пакетіне енгізіледі. ҰКП бұл жұмысқа атсалысады.

  

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер