astana-view

Түлектердің таңдауы қандай?

2017 жылғы 04 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
7884 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысының 21 мың мектеп түлегі ӨКП сауалнамасына қатысты 

Сауалнама 4 жыл қатарынан жасалып келген. Мектеп түлектері 9 сұраққа жауап беруі керек. ӨКП Адами капиталын дамыту бөлімінің мамандары айтуынша бұл сауалнаманың мақсаты жастардың мамандық таңдаудағы басмыдықтарын анықтау болатын. Болашақ мамандық, жұмыс адам өмірінде елеулі орын атқарады. Зерттеулер көрсеткендей дұрыс таңдалған мамандық адамның өзіне деген сенімділік, бағалау қасиеттерін бағалайды. Сондықтан дұрыс таңдау жасау өте маңызды.

 «Сауалнаманың қорытындысын біз Білім беру басқармасының аудандық, облыстық бөлімдеріне, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына береміз. Осы арқылы қажетті мамандықтар бойынша ақпарат болады да мемлекеттік тапсырысты жөнімен қалыптастыруға ебеп болады», – деді ӨКП Адами капиталын дамыту бөлімінің сарапшысы Ирина Торопова.

Соынмен, түлектердің таңдауы қандай? Екі жыл қатарынан жастар арасында мынадай мамандықтарға сұраныс жоғары, олар: дәрігер, мұғалім, агроном, әскери адам. 2016 жылы алғаш рет мектеп оқушылар «бизнесмен» атауын таңдаған. Солтүстік Қазақстан облысы түлектерінің 3,83%-ы кәсіпкер болғысы келеді. «Біз үшін бұл кішігірім жеңіс болып отыр. 2014, 2015жылдары түлектер «бизнесмен» деген атауды таңдауды ойламаған да. 2014 жылдан бастап колледждерде кәсіпкерлік негіздерін оқыттық. Бүгінде  арнайы білім беру ордаларында «Бизнес мектебі» курстары бар. Аталған пайыздық көрсеткіш біздің атқарған жұмысымыздың жемісі деп білеміз», – Ирина Топорова.

 Сонымен қатар аталған сауалнама жастардың жергілікті колледждерге қызықпайтынын көрсетіп отыр. Олар оқу үшін басқа өңірлерге барады. 2014-2015 жылдары Ресей Федерациясына оқуға кету көп болса, 2016 жылы көрсеткіш біраз төмендеген. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер