astana-view

Заңды бұзбай кәсіпкерлерге қалай көмектесуге болады?

2017 жылғы 04 Сәуір
- Алматы қаласы
7608 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасында Мемлекеттік кірістер басқармасының консультациялық кеңесі отырысы өткізілді   

Салық және бизнес өкілдері жиналып салық пен кедендік әкімшіліктендіруде сыбайлас жемқорлыққа жол бастайтын түйткілдерді анықтады. Мемлекеттік кірістер департаменті жетекшісі Марат Сұлтанғазиев мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру – пара алуды азайтады деп ойлайды.

«2016 жылдың аяғында Салық кодексіне бірқатар өзгертулер енгізілді. Онда міндетті электронды счет-фактураларға ауысу туралы жазылған. Бүгінде кеден саласына қатысы бар кәсіпкерлер электронды счет-фактураны шығаруға міндеттеліп отыр. 2018 жылдан бастап счет-фактураны шығару бойынша мониторингке кіретін ірі компаниялар да міндеттеледі. Ал 2020 жылдан бастап ҚҚС төлеуші барлық кәсіпкерлер ЭСФ шығаратын болады», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндірме жұмыстарын жүргізу басқармасы жетекшісі  Заңғар Шындалиннің айтуынша департамент үнемі тәртіп практикасын өткізіп келеді: «2016 жылдың басынан департамент лауазымды тұлғаларға қатысты 45 қылмыстық іс қозғады. Тіртіптік жауаптылыққа 386 қызметкер тартылып 73 қызметтік тергеу жұмыстары жасалды».

 Жуық арада жеке тұлғаларды жеке кәсіпкер ретінде жылдам тіркеу, базар мен сауда алаңдарындағы кәсіпкерлерден салықтық төлемдері мен есептерін қабылдайтын мобилді орталық құрылатыны айтылды. Бұл идеяны алматылық салық қызметкерлері грузин әріптестерінен байқаған. Осылайша жылжымалы бөлімше арқылы қаңтар айында 3 мың пәтер жалдаушыларын тіркеуге мүмкіндік жасалды.    

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Құдайберген сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресуден гөрі оның белгілерін алдын алу бойынша жұмыс атқару әлде қайда жеңіл екенін айтты.  

 Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері кәсіпкерлердің жағдайын түсінетінін, алайда заң бойынша ештеңе істей алмайтындарын алға тартты, өйткені, тәртіп бұзған кәсіпкерге көмектесу сыбайлас жемқорлықтың белгісі болып бағалануы мүмкін.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер