astana-view

Шаруалар қыспақта қалды

2017 жылғы 04 Сәуір
- Қостанай облысы
7608 просмотров

Шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар ҚҚС есебіне тіркелетін болса шығынға батады

Енді шаруалар бірыңғай жер салығы бойынша арнайы алық режимін қолдану мүмкіндігінен айырылады. 2017 жылы күшіне енген Жаңа Салық кодексінің талаптары осындай. Өздерінің үрейін шаруалар Палата қызметкерлеріне жеткізді. Кезекті мәселер легі Бухгалтер клубы отырысында талқыланды.

«Жаңа жылдың бірінші тоқсаны да аяқталды. Егер шауруалардың жасап жатқан есептері табыстың 30 мың АЕК-тен асып кеткенін көрсетсе, бұл шамамен 68 млн теңге, онда шаруалар қосымша құн салығын төлеу есебіне тіркелу керек болады. Шаруа қожалықтар бұрынғыша арнайы салық режимін қолдана алмай, салықты толық мөлшерде төлейтін болады. Ал жаңа есепті жүргізу үшін оларға тағы бір бухгалтерді жалдау керек қой. Бұл жағдайда шаруа бюджетіне  ауыртпалық түсіп қана қоймай, жалпы кадр мәселесі бойынша түйіткіл туындап отыр. Ауылда білікті мамандар саны саусақпен санарлық. Сондықтан жаңашылдықтар шаруашылықтарға теріс әсер етпек. Шаруалар Кәсіпкерлер палатасынан жаңа талаптарды өзгерту туралы өтінім жасап отыр», – деді Палатаның бөлім бастығы  Татьяна Черныш.

Шаруалар ұсынысы ҚР Ұлттық экономика минстрлігіне жолданған. Шаруа қожалықтардың кәсіптің басқа түрлері бойынша салық төлеуі өзгертілмеуі жолдары қарастырылып жатыр.  Басқа түрлері дегенде көрші шаруашылқтарға техниканы жалға беру, қар тазалауда көмектесу, халыққа ауыз суын жеткізу  секілді жұмыстар туралы айтылып отыр.

Мемлекет органдары мен шаруалар арасында келісім жасалған жұмыстар бар. Мәселен, шаруа ауыл шаруашылық-өндірістік кооперативіне өтетін болса түрлі жеңілдіктерге ие болады.

«Коопертивтерге мүше болған кәсіпкерлер арнайы салық режимі бойынша 70%-дық жеңілдіктен қағылып отыр. Ондай мүмкіндік заңдық бірлестік ретінде тек кооперативтің өзінде ғана қалған. Жеке дара арнайы салық режиміне қол жеткізу мүмкін емес. ҚР Ұлттық экономика минстрлігі мамандары бұл тармақтың қолайсыз екенімен келіседі, және жеңілдікті кооперативке мүше әр шаруаға қалдыру керек екенін айтады», – деді Татьяна Черныш.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер