astana-view

Еліміздегі фармацевтикалық зауыттардың қуаттылығы қарқынды

2017 жылғы 10 Сәуір
11410 просмотров

Отандық фармацевтикалық өндірісті қолдау мақсатында «СК-Фармация» ЖШС инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін ұзақмерзімді келісімшарттарға қол қойды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен қоғамдық өкілдерден құралған комиссия жыл сайын инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысына баға береді.

Биылғы жылдың 5 сәуірінде басталған инспекциялық тексеру барысында фармацевтикалық өндірістің 12 инвестициялық жобасымен танысу жоспарланған. Атап айтқанда, «Химфарм» АҚ, «Нобел АФФ» АҚ, «ҚазДиаТест» ЖШС, «КФК Медсервис Плюс» ЖШС, «Абди Ибрагим Глобал Фарм» ЖШС, «КелунКазфарм» ЖШС, «ПФК Элеас» ЖШС, «MaraiE7 Group» ЖШС және т.б. бар.

Дәрілік препарат шығаратын Қазақстандық өндірушілер GMP стандартына сай, өндірістік қуаттылығы жетілдірілген, озық технологиялар енгізілген, шығарылатын препараттар номенклатурасы айтарлықтай ұлғайған.

Отандық фармацевтикалық зауыттардың 800-ден астам дәрілік құралдар шығаратынын көпшілік біле бермейді. «Нобел АФФ» АҚ – Abbott Products Operations AG трансұлттық фармацевтикалық компаниясымен ынтымақтастық аясында келісімшарттық өндірісті толық кезеңде жүзеге асырып отырған отандық алғашқы әрі жалғыз өндіруші.

«Нобел АФФ» АҚ бис директорының кеңесшісі Светлана Киль комиссияға фабрика жұмысын таныстырды: «2002 жылдан бүгінгі күнге дейін 65 млн АҚШ доллары шамасында инвестиция тартылған».

Өндірістік инвестициялар нәтижесінде өндірістік процестерді автоматтандыру мен біріктірудің әлемдік деңгейдегі жаңа өндірістік жабдық қойылған. Компания қазақстандық өндірушілер арасында нарық көлемі бойынша екінші орынды иеленеді. Кәсіпорында 400-дей қызметкер еңбек етеді.

Компанияның өндірістік қуаттылығы 5 өндірістік алаңда, оның ішінде дәрі-дәрмекті қатты, жұмсақ және сұйық түрде шығару бойынша танылады. 2016 жылы дәрілік құралдар өндірісі 6 766 505 қамтама болды, 2015 жылмен салыстырғанда 53,7 %-ға өскен.

Өндірістік процестің барлық кезеңі автоматты тестілеуден өтеді, соңғы өнімнің сапасын талдау жасайтын жабдық қойылған компания зертханасы бақылайды.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева: «Бүгін «Нобел АФФ» АҚ зауытының жаңа алаңымен таныстық, әлі іске қосылмаған, бірақ озық технология талабына сай өндірістік құрал-жабдық түгелдей орнатылған. Денсаулық сақтау саласындағы ұзақ мерзімді келісімшарт жасау тәжірибесі импорт алмастыру бағдарламасын орындау бойынша оң нәтижесін беріп келеді. Мемлекеттің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Бірыңғай дитрибьютордың бірлесіп күш салуымен көптеген жұмыстар атқарылды. Бірыңғай дистрибьютерлік жүйесінде 1052 дәрілік құрал мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу үшін 19 отандық өндірушімен 32 ұзақмерзімді келісімшарт жасалған. Алдағы уақытта шығарылатын номенклатураны ұлғайту мен өндірісті топтау бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр», – деді.

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС өндірістік алаң директоры Зиятхан Гасанов «Абди Ибрахим» Түркия» және «СП Глобал Фарм» Қазақстан» ЖШС екі компаниясынан бірлестірілген өндірістік алаңды таныстырды. Оның бір өндірістік бөлігі – 3000 шаршы метр, ал заманауи қойманың ауданы – 1500 шаршы метр.

«Кәсіпорын Қазақстан Республикасында импортты алмастыру бағдарламасының аясында 2000 жылдың қыркүйегінде ашылды. 32 миллион АҚШ доллары шамасында инвестиция құйылды, тағы 30 млн АҚШ доллары шамасында қаржы тарту жоспарланып отыр. Дәрілік препараттардың алғашқы партиясынла 2000 жылы 4 препарат болса, бүгінде оның қатары айтарлықтай көбейді, дәрілік заттардың саны 100-ден астам, оның ішінде қантты азайтатын, туберкулезге қарсы, бактерияға қарсы, асқазан-ішек жолдарын емдеуге арналған препараттар және т.б. бар. Компания дәрілік заттарды Өзбекстан, Әзербайжан мен Грузияға экпортқа шығарып отыр. Өндірісте орында 100 адам жұмыс істесе, кәсіпорынның басқа бөлімдерінде шамамен 200 адам еңбек етеді».

Фармацевтикалық өндірісті тексеру бойынша жұмыс кесте бойынша жалғасатын болады. Тексеру барысында «Нұр-Май Фармация», «Сұлтан», «Павлодар фармацевтикалық зауыты», «Қарағанды фармацевтикалық кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің кәсіпорындарына барады.

Тексеру нәтижесі бойынша қорытынды ағымдағы жылдың сәуір айында шығарылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер