astana-view

Туризм саласында ілгерілеу бар

2017 жылғы 10 Сәуір
3099 просмотров

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне сәйкес Қазақстан бизнеске қолайлылық бойынша  – 36-орынды, туризм бойынша – 81-орынды еншілеген

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен Туризм саласына арналған конференцияда кезекті рет өзекті сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің туризм саласын дамытуға арналған Тұжырымдама жобасы талқыға салынды.

Конференцияға ҰКП мен ҚР Мәдените және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев, Туризм индустриясы комитетінің жетекші мамандары мен сарапшылары, ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары Әнуарбек Ахметов, «Туристік Қамқор» қорының төрайымы Ирина Рей, Кәсіпкерлердің тәуелсіз қауымдастығының Астаналық филиалының төрағасы Қанат Елеусізов, «Астаналық туризм қауымдастығы» ЗТБ президенті Рысты Қарабаева, «Астана конвенш бюро» ЖШС директорының орынбасары Асқар Адамбеков, сондай-ақ, бейне байланыс арқылы өңірдің бизнес өкілдері қатысты.

Аталған тұжырымдамаға сәйкес туризм саласындағы бақылау функциялары бәсекелестік ортаға берілмек. Бұл туралы Туризм индустриясы комитеті төрағасы Марат Иғалиев хабарлады. Мемлекеттік бақылау функцияларын бәсеке ортасына беру Елбасының тапсырмасы болатын. Жаңа Тұжырымдама жобасында бақылау функцияларын бизнес ортасына беру талаптары жазылған. Саладағы бұл революциялық жаңалық туризм саласындағы кәсіпкерлерге жақсы мүмкіндіктер ашады. Мәселен, енді лицензияны беру, реестрді өткізу сынды міндеттерді бизнес өзі басқара алатын болады.

Туризм индустриясы комитеті төрағасының айтуынша, жаңа Тұжырымда жуық арада бекітіліп, туризм саласын дамыту бойынша 2023 жылға дейін кезеңді қамтитын болады. Аталған тұжырымдама жобасы әр аймаққа жолданған болатын, енді сол өңірлерден келген ұсыныстар легі қарасытырылып, ең өзектілері бейне байланыс арқылы конференция барысында айтылды.

Мәселен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты комитет туризмнің өңірлік жол картасын құрмақ, сол картада өзекті мәселелер көрініс тауып, жүйелі түрде қарастырылатын болады. Биыл өңірлер бойынша 8 курортты-демалыс кешендері қолға алынбақ. Мәселен, Маңыстау аймағында қарт Каспидің теңіз ретінде қуатын туристерге көрсету мақсатында жағажай туризмі, ал Шығыс Қазақстанның аспанмен таласқан Тянь-Шань шыршаларының сұлулығын, тау мен өзен-көлдердің керемет көрінісін насихатату үшін тау-шаңғы туризмі кешендері салынбақ.  

Конференция барысында туризм саласында кәсібін дөңгелетіп жүрген кәсіпкерлер өз мәселелерін айтты. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында тау шаңғы базасы бар кәсіпкер тау шаңғы спортының маусымдық демалыс екенін айтып, осыған орай Франция заңнамасындай солтүстік, шығыс аймақтары тұрғындарына маусымдық он күндік демалыстар беру керек екенін алға тартты. Сонымен қатар кәсіпкер туризм нысандарына заң тұрғысынан жер берілмейтінін тілге тиек етіп,  ұзақ мерзімді несиелеу жоқтығын айтты.

Шығыс Қазақстан облысы табиғаты мен климаттық қолайлығы жағынан тау шаңғы туризмін, сондай-ақ, эко жүйесі бұзылмаған өзендер мен мөлдір көлдер аймағы. Өңірде сондай-ақ, кәсіпкерлер жаспөспірімдер туризмін де қолға алған. 

Шара барысында өзін-өзі басқару да сөз болды. «Атамекен» ҰКП Қызмет көрсету саласы департаменті директорының орынбасары Данияр Тоқтарбаев пен Туризм индустриясы комитеті төрағасы Марат Иғалиев Туримздегі өзін-өзі басқару жолдарын бизнес-қоғамдастыққа түсіндіріп берді. «Біріншіден, өзін-өзі басқару, мемлекеттік бақылау функцияларын бәсекелестік ортаға беру тәртібі заңмен бекітіледі. Екіншіден, өзін-өзі басқрау дегеніміз, толығымен мемлекет көмегінсіз дербес жұмыс істеу. Яғни бұл бағытта мемлекеттен ешқандай қаржылық қолдау бөлінбейді», – деді Марат Иғалиев.

Шара барысында Туризм индустриясы комитеті төрағасы Марат Иғалиев Қазақстанның туризм саласы бойынша биыл оң көрсеткіш барын жеткізді. «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша біршама биіктеген.  Мәселен, 2015 жылы еліміз туризм бойынша  әлем рейтингінде 85-орында тұрақтаса, 2017 жылы 3 сатыға көтеріліп, 81-орынды еншілеген. Бұл ақпарат жалпы туризм саласында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлерді, мамандарды жігерлендіру керек», – деді Комитет төрағасы. 

Айта кетелік бұл рейтингкте ТМД мен пост кеңестік елдері арасында Қазақстаннан біршама жоғары Эстония (37-орын), Латвия (54-орын), Литва (56-орын), Грузия (70-орын), Әзербайжан (71-орын) тұр. Үздіктер қатарында Испания, Франция, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Италия, канада мен Швейцария бар.   

Бұл рейтингке сәйкес Қазақстан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша – 52-орын, қауіпсіздік бойынша – 58-орын, туристік инфрақұрылым болйынша – 97-орын, бизнеске қолайлылық бойынша – 36-орынды еншілеген. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер